Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұрнынан күніне 6-7 рет қан кетеді": 11 жастағы қызы қан ауруына шалдыққан ана көпшіліктің көмегіне мұқтаж

Опубликовано:

Дәрігер
Дәрігер лабораторияда. Көрнекі фото: piqsels.com

Қан ауруына шалдыққан 11 жастағы ақтөбелік Айжан Асылбекқызына шұғыл түрде көмек қажет, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, Айжан туғаннан талма ауруымен ауырады. Оған эпилепсия диагнозы қойылған. Екі жасынан бастап мұрнынан қан тоқтамаған. Қазірдің өзінде күніне 6-7 рет қан кетеді.

Анасының айтуынша, талма ауруын емдетіп жүргенде, енді қан ауруы қосылған. Ал отандық онко-гематологтар елімізде тромбоцит функциясын зерттейтін құрылғы жоқ екенін айтқан. Оны тек шетелде ғана жасайды.

Телеарна ақпаратынша, алайда қызын шетелде емдетуге отбасының қаражаты жоқ. Себебі бұл шаңырақта мүмкіндігі шектеулі тағы бір бала бар.

Анасының сөзінше, Айжанның алғашқы ем-домының өзіне 8 миллион теңге керек. Сондықтан қаражаттан қысылған ана көпшіліктен көмек сұрауға мәжбр.

"Қызым Айжанға қазақ елінен көмек сұраймын. Өйткені Айжанның диагнозын өзіміздің Қазақстанда емдей алмайды. Оны республикалық дәрігерлер де мойындап отыр. Сондықтан барша жанашыр жандар, сіздерден Айжанға көмек беруді өтінемін", - дейді Айжанның анасы Қазима Нұрғалиева.

Айжанға көмек берем деген жандар үшін:

Айжанның анасы Қазима Нұрғалиеваның байланыс нөмірі: + 7 771 290 48 51

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2036366-murnynan-kunine-6-7-ret-qan-ketedi-11-zastagy-qyzy-qan-auruyna-saldyqqan-aqobelik-ana-kopsiliktin-komegine-muqtaz/

pixel