Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық дәрігерлер су ішкен сайын шашалып қала беретін бүлдіршінге дертінен айығуға көмектесті

Опубликовано:

ота жасаған мамандар
4 жасар бүлдіршінге ота жасаған мамандар. Фото: instagram.com/pediatria.kz

Алматылық дәрігерлер су, шай секілді сұйықтық ішкен сайын шашалып қала беретін және жиі пневмонияға шалдыға беретін 4 жасар қыз балаға сәтті ота жасады. Бүлдіршінге, кеңірдек-өңеш жыланкөзі диагнозы қойылған, деп хабарлайды Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Instagram-дағы ресми парақшасында.

Талдықорғандық бүлдіршіннен кеңірдек-өңеш жыланкөзі (фистула) осы жылы КТ түсіру кезінде анықталған.

Дәрігерлерімен телемедицина арқылы кеңес өткізілгеннен кейін қыз бала жедел түрде Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жіберілген.

Орталыққа түскеннен кейін кішкентай пациентке кешенді зерттеу жүргізілген: өңешті рентгендік контрастты зерттеу, видеоэзофагогастроскопия, фибробронхоскопия.

Зерттеу қорытындысы бойынша қыз балаға сирек кездесетін туабіткен кеңірдек-өңеш жыланкөзі диагнозы қойылып, ота жасау туралы шешім қабылданған.

Операция алдындағы дайындықтан кейін бүлдіршінге мойын медиастенотомия, кеңірдек өңеш фистуласын алып тастайтын ота жасалған. Операция бір сағаттан аса уақытқа созылып, сәтті өткен.

"Қазіргі уақытта сұйықтық ішкенде шашалу байқалмайды. Жағдайы жақсы. Қазір бүлдіршін үйіне шығуға дайындалып жатыр", - дейді операция жасаған дәрігері Константин Хаиров.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы дәрігерлерінің мәліметінше, кеңірдек өңеш жыланкөзі – кеңірдек пен өңеш түтігінің арасындағы тесіктің бітіспеуі салдарынан пайда болатын туабіткен ақау.

Ол эмбриогенездің 4-6 аптасында бастапқы ішек пен тыныс алу түтігінің толық бөлінбегенінен қалыптасады. Кеңірдек пен өңеш арасындағы туабіткен жыланкөз 3000 жаңа туған нәрестенің біреуінде кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2037883-3000-zana-tugan-narestenin-bireuinde-kezdesedi-darigerler-su-iskende-sasalyp-qala-beretin-buldirsinge-dertinen-aiyguga-komektesti/

pixel