Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрмейді не сөйлемейді": ауыр дертпен ауыратын 6 жастағы бүлдіршіннің анасы елден көмек сұрайды

Опубликовано:

Айару Ауғанбай
Айару Ауғанбай. Фото: отбасының жеке мұрағатынан

Талғарда тұратын 6 жастағы Айару Ауғанбай әлі күнге дейін жүре алмайды не сөйлемейді. Үш айлығында оған дәрігерлер ауыр диагноз қойған. Бүлдіршін туабітті туберозды склероз фонындағы талма (эпилепсия) ауруына шалдыққан. Сирек кездесетін дертпен күресіп келе жатқан ата-анасының ендігі бар үміті отада, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айарудың анасы Назерке Бекбергенованың сөзінше, ота алдында дәрігерлер оларға отбасы мүшелері түгел генетикалық талдау жасату керек екенін айтқан. Ал талдау тек ақылы, оның үстіне бағасы да арзан емес. Генетикалық қан талдауы Мәскеуге жіберіледі.

"Үш айынан ұстамалар басталды. Дәрігерлер Айарудың миынан ақ дақтар (тубер) анықтап отыр. Сол ақ дақтар ұстама туындатып жатыр. Осы уақытқа дейін тек дәрінің көмегімен жүрдік. Қазіргі таңда ешқандай дәрі дауа болмай, операция жасатайын деп жатырмыз. Оның алдында бізге отбасымыз, яғни мен, қызым және жұбайым генетикалық талдауға қан тапсыруымыз керек. Дәрігерлер бұл аурудың тұқымқуалаушылықтан болу мүмкіндігін анықтап көрмекші. Соған да ақша жетпей тұр. Ол өте қымбат тұрады. Сосын отадан кейінгі еміне, оңалтуға да қажет", - дейді Назерке.

Айтуынша, қазір өзі бала күтімімен үйде.

"Балам өздігінен ештеңе істей алмайды, не жүрмейді, сөйлемейді. Күтім қажет. Бұрын белсенді еді. Қазір жағдайы кері кетіп бара жатыр. Тіпті сілекейін ұстай алмайды. Күніне 7-8 рет ұстама береді. Сол үшін ендігі үміт отада", - дейді ол.

Осыдан 7 жыл бұрын отау құрған жас отбасы Талғардан мемлекеттік бағдарламамен ипотекаға пәтер алып, кредит төлеп отыр. Айарудың әкесі - қарапайым жұмысшы.

Назерке ота алдындағы генетикалық талдаулар мен басқа да шығындар үшін жақында жылу жинау мақсатында шот ашты. Ем үшін жалпы 4 млн теңге көлемінде қаражат қажет болса, бүгінде 2 млн теңге жетіспей тұр.

Айарудың ата-анасы жанашыр, жаны жомарт жандардан үміт күтеді.

Реквизиттер:

Kaspi Gold: 8707 666 24 12

(Назерке Б. - анасы)

44 00 4302 3827 1693 KASPI

5522 0433 5549 5423 Халық банк

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2039839-zurmeidi-ne-soilemeidi-auyr-dertpen-auyratyn-6-zastagy-buldirsinnin-anasy-elden-komek-suraidy/

pixel