Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында ІІМ курсанттары ауруханаға түсті

Опубликовано:

Аурухана дәлізі
Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысындағы оқу мекемесінің курсанттары Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасына түсті, деп хабарлайды Кazinform.

Агенттіктің облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап жазуынша, 29 қарашада ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті орталығының курсанты – 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілген. Тағы 10 курсант 1 желтоқсан күні кешқұрым түскен.

Оларға қойылған диагноз – ауырлығы орташа дәрежедегі жұқпалы респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), өткір ринофарингит.

Барлығынан анализ алынып, ем-дом тағайындалған. Курсанттар ауруханаға жатқызылған.

"Қазір барлығының жағдайы тұрақты", - деп мәлім еткен агенттікке облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2048807-iim-kursanttary-zappai-auruxanaga-tusti/

pixel