Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласының еріктілері қан тапсырды

Опубликовано:

Еріктілер қан тапсырды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

"Мен донормын". Шымкентте дәл осындай атаумен ерікті жастардың қатысуымен акция өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйытқы болды. Қан тапсыруға ниет білдірген 50-ден астам волонтер Нұрсат шағынауданында орналасқан қалалық қан орталығына жиналды.

Мұндай шараны ұйымдастырудағы мақсат жастарға қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп-қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін түсіндіру.

Еріктілер қан тапсырды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

"Акцияға ерікті жастар мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысып, қанын тапсырды. Алдымен донорлардың денсаулығы толық тексеріліп, қан мөлшері, гемоглобин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғы зертханалық жолмен анықталып, содан кейін ғана қан тапсыруға мүмкіндік берілді", – деді Жастар ресурстық орталығы қоғаммен байланыс және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Ақерке Сұлтан.

М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық инситутының бірінші курс студенті Мардан Орынбай қан орталығына келіп, жыл сайын қан тапсыратынын айтады. Осы жолы ол достарын да ерте келген.

«Мен донормын» акциясы
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

"Өмірде түрлі жағдай болады. Кейбір жандарға қан керек болған жағдайда, қол ұшымды созу менің азаматтық парызым деп білемін. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен болып жатқан "Мен донормын" акциясына қатысып, өз еркіммен қан тапсырып, өзге жанға үміт сыйлағым келеді. Менің қаным бірінші топқа жататындықтан, абсолютті донор бола аламын", – деді волонтер Мардан Орынбай.

Еріктілер қан тапсырды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Айта кетейік, орталық облыс және қала бойынша 42 медициналық мекемені қан компоненттерімен қамтамасыз етеді. Шымкент қаласының қан орталығына жыл басынан бері 26 000 азамат қан компоненттерін тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2049437-symkent-qalasynyn-eriktileri-qan-tapsyrdy/

pixel