Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен қыста қолды қалтаға салып жүруге болмайды: дәрігер жауап берді

Опубликовано:

Қолын қалтасына салған адам
Қолын қалтасына салған адам. Көрнекі фото: pexels.com

Қыс мезгілінде жаяу жүргіншілер жиі қолын қалтаға салып жүреді. №2 қалалық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігері Анна Трофимова бұл жаман әрі зиян әдеттердің бірі екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Медицина қызметкерінің сөзіне сенсек, егер адам қолын қалтасына салып жүрсе, онда құлап қалған жағдайда ауыр жарақат алмауы үшін қолына сүйеніп үлгермеуі мүмкін.

"Абзалы – қолғап кию, сонда қолды қалтаға салу қажет болмайды", – дейді маман.

Сонымен қатар Анна Трофимованың айтуынша, телефон арқылы сөйлесіп келе жатқан кезде адам жарақат алуы ықтимал, өйткені телефон жаяу жүргіншіні алаңдатады. Бұл ретте медицина қызметкері шұғыл қоңырау шалу керек болса, бір жерде тоқтап, сөйлесіп алған жөн екенін айтты.

Жолаушылардың тағы бір қателігі – қолда ұстап келе жатқан жүк салмағын дұрыс үлестірмеуде. Тепе-теңдікті сақтау үшін кез келген жүкті екі қолға бірдей ұстау керек.

"Бірақ сүрініп қалған жағдайда қолыңыздағы барлық нәрсені дереу босатқаныңыз дұрыс, қолдағы зат қаншалықты құнды болғанымен, сіздің денсаулығыңыз маңыздырақ", – деп атап өтті Анна Трофимова.

Сондай-ақ медицина қызметкері адам барлық қауіпсіздік шарасын сақтағанның өзінде құлап, жарақат алса, басы қатты айналса, бастың, арқаның немесе мойынның ауырғаны байқалса, орнынан тұрмай, жедел жәрдем шақыру керегін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2050775-nelikten-qysta-qoldy-qaltaga-salyp-zuruge-bolmaidy-dariger-zauap-berdi/

pixel