Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүгедек болып қалуы мүмкін": алматылық дәрігер отшашудың қаупі қандай екенін айтты

Опубликовано:

Отшашу
Отшашу. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының травматологы Осман Қадыров ОКҚ-да өткен брифингте қазақстандықтар пиротехникалық тауарларды қолдану кезінде қандай қауіп барын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жаңа жыл мерекесі кезінде адамдар көбіне төбешіктен сырғанап, жоғарғы және төменгі дене мүшелерін жарақаттайды. Ал пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі жарақаттардың ішінде көбіне қол жарақаты кездеседі, сондай-ақ балалар атылмаған петарданы қолға алған жағдайда көз жарақатын алып жатады. Я болмаса алкогольге мас күйіндегі адамдар отшашу ату кезінде ол атылмай қалса, себебін анықтауға тырысып, жарақаттанады.

Көзге зақым келген жағдайда мүмкіндігінше көзді шайып, байлап, дереу жақын жердегі медициналық орталыққа бару керек", – дейді медицина қызметкері.

Оның айтуынша, соңғы жеті жылда отшашудан жарақат алған адам саны азайып келе жатыр. Мысалы, бұрын отшашу кезінде 10-15 адам жарақат алса, бүгінде 3-4 адам ғана травматологқа не офтальмологқа жүгінеді.

Дегенмен травматолог дәрігердің тәжірибесінде өте қиын жағдайлар болған.

"Бір жас жігіттің пиротехника қолданғанын мысалға келтірейін: ол атылмай қалғанда жігіт оны қолына алып, неліктен жұмыс істемейтінін білгісі келген. Салдарынан ол үлкен бет жарақатын алды. Көз алмасы толық зақымданып, жоғарғы және төменгі жақ сүйектері сынған, мұрны мен қолы жарақаттанған.

Күйік алудан бөлек, пиротехникалық заттарды қолдану кезінде адам саусақтары үзілуінен, көзі толық зақымдалуына дейін жарақат алып, мүгедек болып қалуы ықтимал. Тіпті соқыр болуы ғажап емес", – деп ескертті Осман Қадыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2051685-sausaqtar-zulynyp-soqyrlyqqa-akelui-mumkin-almatylyq-dariger-otsasudyn-qaupi-qandai-ekenin-aitty/

pixel