Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арманымыз қорқынышты түске айналды": 23 жастағы келіншек жасанды ұрықтандырудан кейін ауыр дертке шалдықты

Опубликовано:

Бибінұр Мылтықбаева
Бибінұр Мылтықбаева. Фото: жеке мұрағатынан

Бибінұр Мылтықбаева бес жылдан бері ана атануды армандады. Алайда келіншек қазір өмірі үшін күресіп жатыр. Бибінұр экстракорпоральды ұрықтандыру жолымен егіз сәби көтерген соң төрт ай өткенде аса ауыр дертке шалдыққанын білді, сөйтіп құрсағындағы сәбиін жатырымен бірге алдырып тастауға мәжбүр болды. 23 жастағы Бибінұрға ендігі емі үшін 50 млн теңге қажет, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

23 жастағы Бибінұр ата-анасыз өскен, сондықтан бақытты отбасын құрғысы келді. Күйеуі Айдар екеуі тезірек ата-ана атануды армандады. Отау көтергеніне бес жыл болған ерлі-зайыпты балалы болудан үмітін еш үзбеді. Сөйтіп олар экстракорпоральды ұрықтандыру әдісіне жүгінді.

Айдар мен Бибінұр
Айдар мен Бибінұр. Фото: отбасының жеке мұрағатынан

Әйелдің ағзасында полип пен қабыну анықталғанына байланысты бірінші ұрықтандыру сәтсіз аяқталды. Кейін оларға физиотерапия және таблеткалармен қосымша емдеу шаралары ұсынылды.

7 айдан кейін, 2023 жылдың наурызында ерлі-зайыпты екінші рет ЭКҰ-ға барды. Бұл жолы Бибінұр егіз көтерді. Сол сәттегі ерлі-зайыптының қуанышы мен шаттығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Алайда 4 айдан кейін Бибінұрдың арқасы мен аяғы қатты ауыра бастады, оған бас ауруы, жарыққа қарай алмау сезімі және дене қызуының көтерілуі қосылды. Күйеуі әйелінің жағдайы нашарлап бара жатқанына алаңдап, жедел жәрдем шақырды.

Бибінұр Мылтықбаева
Бибінұр Мылтықбаева. Фото: жеке мұрағатынан

Үш аптаға созылған азаптың соңы күтпеген жағдайға ұласты. 2023 жылдың 28 шілдесінде аурудың себебін түсінбеген отбасы қайтадан ЭКҰ жасаған орталыққа барды. Онда жүргізілген қан талдауы мен УДЗ қорытындысына сәйкес, құрсақтағы ұрықты шұғыл түрде алып тастау қажеттілігі анықталды.

Бибінұрға жедел түрде Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында құрсақтағы сәбиі мен жатырын алып тастау бойынша ота жасалды. Операциядан кейін оның жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылды.

Екі аптадан кейін ғана дәрігерлер нақты, көңілге кірбің түсірген ауыр диагноз – туберкулезді менингитті энцефаломиелит, милиарлы туберкулез, жамбас туберкулезі және жедел диссеминирленген энцефаломиелит қойды.

Бибінұр Мылтықбаева
Бибінұр Мылтықбаева. Фото: жеке мұрағатынан

Күйеуі Бибінұрға Германия мамандары ғана көмектесе алатынын айтады.

"Мен әкесіз өстім. Өмір бойы аяулы анамның тәрбиесінің арқасында бәріне өз күшіммен жеттім. Әрқашан мұқтаж жандарға көмектесіп келемін. Осы уақытқа дейін ешкімнен көмек сұраған емеспін, тіпті сүйікті жарыма осындай диагноз қойылған кезде де, мен оның бәрін аяғына дейін иығыммен көтеруге тырыстым. Бала сүю арманымыз қорқынышты түске айналды.

Қажетті сома өте үлкен – 50 000 000 теңге. Мен барша қазақстандықтан Бибінұрдың сауығып, толыққанды өмірге оралуына мүмкіндік беруін сұраймын", – дейді Айдар.

Реквизиттер:

  • KASPI: 4400 4302 2828 1413
  • Халық Банк
  • 4405 6397 5202 8801

Aidar Adilbekov

  • Екі карта да төмендегі телефон нөмірімен байланыстырылған:

+7 747 2050909

✅PayPal

bibinur.myltykbayeva@mail.ru

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2052647-armanymyz-qorqynysty-tuske-ainaldy-23-zastagy-kelinsek-zasandy-uryqtandyrudan-keiin-auyr-dertke-saldyqty/

pixel