Гонконг вирусының қаупі бар ма: вице-министр жауап берді
Жарияланған күні:
Дәрігерлер қазақстандықтарды алаңдатқан Гонконг вирусының қаупі туралы айтып берді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Мамандар бұл вирус басқа маусымдық вирустарға қарағанда қауіпті емес деп отыр.
Осыған байланысты денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова пікір білдірген.
"Вирустың атауы қайда шыққанына байланысты беріледі. Сіздер айтып отырған Гонконг вирусы шыққанына көп уақыт өтті. Вирустың қысқаша атауы A(H3N2), яғни А типі, оның ішінде H3N2 деген түрі. Бұл біздің елде де, әлемде де эпидмаусымда жыл сайын таралатын вирус", - деді вице-министр.
Дереккөз: КТК
Еске салайық, желтоқсанның басында Астананың бас санитария дәрігері қалада Гонконг тұмауы анықталғанын хабарлаған. Елордада ЖРВИ-мен ауырғандардың арасында А типті тұмау вирусы (H3N2 немесе Гонконг тұмауы - ред.ескертпесі) 29 науқастан байқалған.
MSD анықтамалығына қарағанда, тұмау - қызба, өткір ринит, жөтел, бас ауруы белгілері бар вирустық инфекция.
Маусымдық эпидемиялар кезінде, әсіресе қауіп тобындағы пациенттер арасында (мысалы, ұзақ мерзімді емделушілер, егде жастағы адамдар, жүрек-өкпе жеткіліксіздігі немесе жүктіліктің соңғы сатысындағылар) өлімге әкелуі мүмкін; пандемия кезінде тіпті сау жас пациенттерге де қауіпті болуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2053207-gonkong-virusynyn-qaupi-bar-ma-vice-ministr-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.