Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жамбасы сынған": Алматыда жер сілкінгенде үшінші қабаттан секірген тұрғынның жағдайы қалай

Опубликовано:

Емдеу аппараты
Емдеу аппараты. Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматыда жер сілкінгенде үшінші қабаттан секіріп кеткен тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер зардап шеккен келіншекке ота жасалғанын, жағдайы тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, Алматыда 23 қаңтарға қараған түні болған жер сілкінісінен жалпы 67 адам зардап шекті. Жарақат алғандардың арасында 12 бала бар. Бес тұрғын әлі ауруханада жатыр.

Түнде тұрғындар бес балдық дүмпуді сезген кезде үрейдленіп, сыртқа ұмтылған. Қысылысып-сығылысып үстіңгі қабаттан төмен қарай түсе берген сәтте кейбірі құлап мертіккен. Ауруханаға түскен халықтың басым бөлігі бас жарақаты мен сіңірлердің созылуымен түскен. Оның 55-і — ересек адамдар болса, қалғаны — бала. Көбісі үйінен емделуге жіберілген.

Ал зілзаладан зәресі ұшып үшінші қабаттан секіріп кеткен 33 жастағы әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, оған ота жасалған, алған жарақаты ауыр.

"Жалпы қосарланған ауыр дене жарақаты, миы шайқалып, бастың жабық жарақаты, саны, жамбасы сынған. Келген кезде барлық дәрігерлермен қарап, шұғыл түрде көмек көрсетіліп, ота жасалды. Қазіргі жағдайы тұрақты. Шоктан шықты. Жансақтау бөлімінде тиісті ем алып жатыр. Басқа екі науқас травматология және ортопедия бөлімшесінде кешенді тексерістен кейін алғашқы көмек көрсетіліп, қазір емделіп жатыр", - деді Алматы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының хирургия бойынша директордың орынбасары Ермек Желдібаев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2057178-zambasy-syngan-almatyda-zer-silkingende-usinsi-qabattan-sekirgen-turgynnyn-zagdaiy-qalai/

pixel