Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы газ жарылысы: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: Қарағанды облыстық ТЖД

Бүгін түнде Қарағанды облысындағы Ботақара кентінде екі қабатты тұрғын үйдегі газ баллоны жарылылысы салдарынан 5 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапқан болатын. Бұқар Жырау ауданы әкімдігі зардап шеккендер туралы мәлімет берді, деп хабаралайды KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап.

"Аймақтың медициналық мекемелеріне бес зардап шеккен адам, оның ішінде үш бала жеткізілді. Екі бала амбулаториялық емделуге жіберілді, бір бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына қанағаттанарлық жағдайда жеткізілді", - делінген хабарда.

Әкімдік мәліметінше, екі ересек пациенттің біреуі өте ауыр жағдайда (80 пайыз күйік шалған), екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Айта кетейік, Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінде 30 қаңтар сағат 00:07-де екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйде екінші қабаттағы пәтерде цилиндрлік газ жарылып, екі адам қаза тапқан болатын.

Кейін құтқарушылар үйінді астынан қаза тапқандардың денесін шығарды. Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2058190-qaragandy-oblysyndagy-gaz-zarylysy-zardap-sekkenderdin-zagdai-belgili-boldy/