Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда медициналық мекемелерде маска тағу режимі енгізілді

Опубликовано:

Дәрігер маска ұстап тұр
Дәрігер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова "Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы" қаулыға қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттерінің басшылары:

  • медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын;
  • халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуге міндеттелді.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға халықтың көп жиналатын жерлерінде (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда ойын сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер және т.б.), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға ұсыным берілді.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2060096-qazaqstanda-medicinalyq-mekemelerde-maska-tagu-rezimi-engizildi/

pixel