Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырғандар саны артып барады: дәрігерлер алматылықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Дәрігер шыны түтікті көрсетіп тұр
Дәрігер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артып барады. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өткен аптада Алматыда коронавирус жұқтырудың 42 жағдайы тіркелді, бұған дейінгі аптада 29 жағдай тіркелген.

"2024 жылдың басынан 14 ақпанға дейін қала тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 217 жағдайы тіркелді, оның ішінде 30 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 4 жағдай жасөспірімдер арасында, 183 жағдай ересектер арасында тіркелді", - деді Әсел Қалықова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Көбіне коронавирус 20 мен 39 жас аралығындағы алматылықтардан анықталған. Санитариялық дәрігерлер сақтық шараларын еске салды.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін қорғаныс бетперделерін қолдану, адам көп жиналатын орындарға барудан және дене қызуы жоғары науқас адамдармен жақын араласудан бас тарту ұсынылады. Аурудың алдын алу үшін үй-жайларды жүйелі түрде желдетуге, жеке гигиена ережелерін сақтауға (қолды жиі жуу, антисептиктерді қолдану және т.б.) кеңес береміз", - деді Әсел Қалықова.

Айта кетейік, жақында Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды маска тағуға шақырды. Өйткені Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, қаңтарда КВИ жұқтырғандар саны өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,5 есеге – желтоқсандағы 187 жағдайдан қаңтарда 477 жағдайға дейін өскен. Вирус жұқтырғандар көбінде Алматы мен Астанада тіркелген.

26 қаңтар мен 1 ақпан аралығындағы бір апта ішінде республикада коронавирус белгілері бар 144 жағдай және КВИ белгілерінсіз 11 жағдай тіркелді. Жаңа деректер Алматыда (37 жағдай) және Астанада (21 жағдай) тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2061193-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-artyp-barady-darigerler-almatylyqtarga-undeu-zasady/

pixel