Ақтауда екпе алған оқушылардың денсаулығы сыр берген
Жарияланған күні:
Ақтаудағы мектептердің бірінде екі оқушы А гепатитіне қарсы екпеден кейін ауырып, сынып жетекшісі жедел жәрдем шақырған. Балалар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Lada.kz.
Басылымның облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға 23 ақпанда қаладағы 11-шағын аудандағы мектептердің бірінде болған.
Ведомство өкілдері оқушылар екпе салдырғаннан кейін ауырып қалғанын айтты. Олар балалар ауруханасына жеткізілді.
"Сағат 16.33-те 103 пультіне қоңырау түсті. Жедел жәрдем шақыруға екпеден кейін екі оқушының денсаулығының нашарлағаны себеп болды. Сынып жетекшісі қоңырау шалды. Оқушыларға А гепатитіне қарсы екпе салған. Балалар ауруханаға жеткізілді". - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Медициналық мекеменің мәліметінше, оқушылар тексеріліп, дәрігерлердің бақылауында болған.
"Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық, қазіргі уақытта олар тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберілді, ұсыныстар берілді", - деп атап өтті ведомстводан.
Айта кетейік, 5 ақпанда Павлодар облыстық прокуратурасы балаларға мерзімі өтіп кеткен екпе салыну дерегі анықталғанын хабарлады.
Кейін Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы балаларға мерзімі өтіп кеткен екпе салыну дерегі бойынша пікір білдірді.
"Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізілуде. Тексеру аяқталғаннан кейін, екпе жұмыстарының немқұрайлықпен жүргізілгендігі анықталған жағдайда, жауапты адамдарға қатысты сәйкесінше іс-шаралар қабылданатын болады", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдемесінде
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2063052-aqtauda-ekpe-algan-oqusylardyn-densaulygy-syr-bergen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.