Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция жұқтырады": желіде дау туғызған мәлімдеме туралы дәрігерлер пікір білдірді

Жарияланған күні:

Жанәділ Райымбеков фото
Жанәділ Райымбеков: Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде блогер Жанәділ Райымбековтің жыныстық инфекцияның таралуы туралы пікірі қызу талқыланып жатыр. Ол әйел адам бірнеше еркекпен қосылса, міндетті түрде инфекция пайда болатынын, ал көп әйелі бар еркек өзінің әйелдерімен қосылса, ол инфекция таратпайтынын айтады. KAZ.NUR.KZ тілшісі бұл пікірдің ғылыми негізін уролог және гинеколог маманнан сұрап білді.

Жанәділ Райымбеков жыныстық қатынас жолымен инфекция қалай жұғатынын айтқан.

"Әйел адам көп еркекпен қосылса, ол міндетті түрде инфекция таратады. Көп әйелі бар еркек өзінің көп әйелімен қосылса, ол ешқашан таратпайды екен. Ол ғылыми дәлелденген. Ал енді инфекция қайдан келеді дейтін болсаңыз, әйел бөтен еркекпен қосылса, инфекция келеді. Бөтен еркек әйелге қосылды ма бірден инфекция таралады. Шариғатта ажырасқан әйел төрт ай ажырасатын күйеуімен бірге тұруы керек, аяғы ауыр болып қалса, баланың кімнен екенін білу үшін және әйел бірінші күйеуімен қарым-қатынасынан тазару үшін", - дейді ол.

Блогердің бұл пікірі желіде қызу талқыланды.

"Денсаулық сақтау министрлігі, қоғамға қауіпті адамды бақылауға алыңыздар", "Инфекцияны таза әйеліне жұқтыратын еркектер" деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Жанәділ Райымбековтің сөзін медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары категориялы гинеколог Шолпан Сармулдаева жоққа шығарды. Оның сөзінше, бірнеше серіктесі бар әйел де, еркек те аурудың таралу қаупін туғызады.

"Жыныстық жолмен берілетін аурулардың қоздырғыштары ерлерде де, әйелдер де бар. Бірнеше жыныстық серіктесі болса, еркек те, әйел де жыныстық жолмен берілетін және жамбас қабыну аурулары үшін қауіп тобына жатады. Ер адам өзінің әйелдерімен ғана жыныстық қатынаста болса да ол бәрібір оларға басқа біреудің микрофлорасын бір әйелден екіншісіне алып келеді. Яғни, жыныстық ауруларды тудыру ықтималдығы бар", - деді гинеколог.

Астаналық уролог, республикалық диагностикалық орталық Максет Рысбаев та әріптесінің сөзін мақұлдады. Сөзінше, инфекциялық ауру тарату жынысқа, жасқа бөлінбейді.

"Инфекция жыныс, жас таңдамайды. Ер мен әйел жыныстық қатынасқа түссе, біріншісінен екіншісіне жұғып кете береді. Ер адамнан әйелге, әйелден ерге жұға береді. Анализ тапсырған кезде ер адам сау деп танылып, әйелде вирус табылуы немесе керісінше әйел адам сау болып, ер адамда бар деп көрінуі мүмкін. Тапсырылған анализге байланысты. Әйел адам гинекологқа барып, қажетті жерден анализ алмаса, вирус бар екені анықталмай қалуы мүмкін де, еркектен шығуы мүмкін. Еркек несеп тапсырса, одан шықпауы мүмкін де, әйел жағынды тапсырса одан вирус анықталуы мүмкін. Ол қандай анализ тапсыратынына байланысты. Хламидия, трихомониаз, гонорея, сифилис сияқты жыныстық ауруы бар адаммен сақтанбаған қатынасқа түссе, 100 пайыз жұғады",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2102399-aiel-kop-erkekpen-qosylsa-infektsiia-zhuqtyrady-zhelide-dau-tugyzgan-malimdeme-turaly-darigerler-pikir-bildirdi/