Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік дәрігерлер жұмыс бабымен келген украиналық әйелді босандырып алды (видео)

Опубликовано:

Диана Щебетун
Диана Щебетун. Видеодан кадр: instagram.com/akimat_shymkent

Шымкенттегі перинаталдық орталық дәрігерлері Украина азаматшасын босандырып, мерзімінен бұрын өмірге келген нәрестеге күрделі ота жасады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, "Қызылжар" футбол клубы ойыншысының жары Диана Щебетун 20 сәуірде толғағы басталып, жедел жәрдем қызметімен қаладағы перинаталдық орталыққа жеткізілген.

Сәби мерзімінен бұрын 33 аптасында дүниеге келді. Толық медициналық тексеруден өткізген жергілікті дәрігерлер нәрестеге "өңештің артрезиясы" диагнозын қойып, күрделі ота жасаған.

"Өңештегі туа біткен ақауды хирургиялық жолмен емдеу операциясы сәтті өтті.

1700 грамм салмақпен туылған ұл бала бүгінде салмақ жинап, 2 келіден асты. Денсаулығы жақсарған анасы мен баласын перинаталдық орталық дәрігерлері бүгін үйіне шығарды", - дейді әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, Украинадан келген Диана Щебетунның мамандығы дәрігер. Диана футболшы жолдасымен бірге Шымкентке жұмыс бабымен келген. Шымкеттегі жұмыс сапарында жүкті әйелдің мерзімінен бұрын толғағы басталып, перзентханаға жеткізілген.

Ол баласын босандырып, күрделі операцияны сәтті жасап шыққан дәрігерлерге алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2107905-shymkenttik-darigerler-tolgagy-qysqan-ukrainalyq-futbolshynyng-aielin-bosandyryp-aldy-video/