Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал базарындағы жарылыс: төрт адам жансақтау бөлімінде жатқаны мәлім болды

Жарияланған күні:

Аурухана дәлізі
Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Орал базарындағы жарылыстан 10 адам зардап шеккен, оның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы mgorod.kz басылымы хабарлайды.

Кеше, 16 маусымда "Ел ырысы" базарында құрбандыққа арналған малдың басын үйітіп жатқан кезде газ баллоны жарылған еді.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің өңірлік басылымға берген мәліметінше, жарылыстан 10 адам зардап шеккен, оның сегізі 27 мен 67 жас аралығындағы ер адамдар. Бұған қоса 15 және 17 жастағы екі бала жарақат алған.

"Үш ересек адам жансақтау бөлімінде, үшеуі политравматология бөлімінде жатыр. Балалар ауруханасында бір бала жансақтау бөлімінде, біреуі палатада жатыр. Дәрігерлер бас травматологтың, қалалық көпсалалы аурухананың, облыстық көп бейінді балалар ауруханасының директоры мен директордың орынбасарының, жансақтау бөлімшесінің меңгерушісінің қатысуымен консилиум өткізді. Дәрігерлер Астана мен Алматыдағы Апаттар медицинасы орталығына да хабарласқан. Емдеу тактикасы келісілді", - делінген басқарма хабарламасында.

Бұған дейін ТЖМ өкілдері Оралдағы мал базарындағы жарылыстан 10 адам зардап шеккенін хабарлағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2118666-oral-bazaryndagy-zharylys-tort-adam-zhansaqtau-boliminde-zhatqany-malim-boldy/