jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында балабақшада балалар жаппай уланып қалды: қылмыстық іс қозғалды

    асхана
    Асхана. Көрнекі фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    24 маусымда Түркістан облысы Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалар тамақтан жаппай уланды. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Түркістан облысы білім басқармасы мәліметінше, 24 маусымда таңғы астан кейін сағат 11.00-лер шамасында балалар өзін жайсыз сезіне бастаған. Бөбекжай-балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілген.

    "Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы, сүттің құрамы сараптамаға жіберілген. Ауруханаға жөнелтілген балалардың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында", - делінген хабарламада.

    Ведомство мәліметінше, осы жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.