Жер бетінде геомагниттік дауыл байқалды: ол қауіпті ме
Жарияланған күні:
29 маусымға қараған түні геомагниттік сілкіністер басталды. Күшті магниттік шабуыл түске дейін жалғасады және күн ішінде одан әрі төмендейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ғарыштық зерттеулер институты мен Күн-Жер физикасы институтының ресейлік күн астрономиясы зертханасының сайтындағы мәлімет бойынша, геомагниттік бұзылыс G1 деңгейінде күтіледі.
Күн тербелісінің бұл деңгейінің қуаты төмен саналады. Маусымның соңғы күнінде геомагниттік жағдай тыныш болады, бірақ 1 шілдеден бастап магнитосферада жаңа сілкіністер болуы мүмкін.
РБК сайты магниттік дауыл сияқты құбылыс әдетте үлкен қауіп төндірмейтінін, бірақ ауа райына тәуелді адамдардың өмірін қиындатуы мүмкін екенін хабарлайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2126064-zher-betinde-geomagnittik-dauyl-baiqaldy-ol-qauipti-me/