Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көмек сұрайтын ешкім жоқ": ауыр дертке шалдыққан 8 айлық Айшабибінің анасы қызының емі үшін елден көмек сұрады

Жарияланған күні:

Айшабибі
Айшабибі. Фото: Жеке мұрағаттан

8 айлық Айшабибінің анасы Мөлдір Шарап қызы туғаннан бастап қауіпті дертке шалдыққанын айтады. Бүгінде нәрестесінің өмірі үшін күресіп жүрген ол Айшабибіге ота жасату үшін көптен көмек сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айшабибінің анасы Мөлдір Шарап қызының дертін жұктілік кезіндегі тұмауға қарсы ішкен антибиотиктерден болды ма деп топшылайды.

"Жүктіліктің бірінші айында мен тұмаумен ауырдым және дәрігердің нұсқауы бойынша антибиотиктерді, CMVI тамшыларын ала бастадым. Жүктілік жақсы өтіп жатқан еді, жүктіліктің 36-аптасында асқынулар болып, баланы құтқару үшін кесарь тілігін жасады",- дейді сәбидің анасы.

Бір айдан кейін Айшабибі сарғайа бастаған. Дәрігер емдеу курсын тағайындады, бірақ сарғайғаны кетпеген. Тексеруден кейін өт жолдарының атрезиясы диагнозы қойылды. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 28 күндік емдеу курсынан кейін Айшабибі А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында тексеруден өткен. Осы жерде оған "шиеленісті асцит, гепатосплетомегалия. Бауыр циррозы, порталдық гипертензия және ЖВП атрезиясы" диагнозын қойған.

"Биыл 14 маусымда менің қызым қалалық балалар ауруханасына емделуге барды. Түбегейлі емдеп жібермегенімен, пайдасы болды, гепатопротекторлар тағайындалды, бұл жағдайды біршама жеңілдетті,"- дейді қыздың анасы.

Қазір Айшабибі үйде дәрі-дәрмектер ішіп жатыр. Десе де билирубин бірнеше жүз есе жоғарылап кетеді, түспей қояды, терінің және көздің склерасы сары. Іштің мөлшері ұлғайып, ісінген. Баланы тексеру кезінде ауруханада асцит анықталды. Айшабибінің аман алып қалудың жалғыз жолы – шетелде бауыр трансплантациясын жасау. Өйткені Қазақстанда мұндай жастағы және осындай салмақтағы балаларға мұндай операциялар жүргізілмейді.

"Біз Айшабибіні операцияға қабылдауға келіскен "Медикал Парк" түрік клиникасына барып емделгіміз келеді. Емге 50 000 доллар (шамамен 23 750 000 теңге) қажет. Қарапайым отбасымыз, табысымыз төмен, бізде ондай қаражат жоқ. Мен үлкен ұлым мен сәбиімді жалғыз тәрбиелеп отырмын. Өкінішке қарай, көмек сұрайтын ешкім жоқ. Мұндай соманы өзіміз жинай алмаймыз, бірақ мен балам өліп бара жатқанына қарап отыра алмаймын", - деді Айшабибінің анасы.

Көмекке арналған реквизиттер:

Kaspi: +7 775 421 13 80

4400 4301 2215 0797

AKMARAL ORAZBAYEVA (Айшабибінің әжесі)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2130972-komek-suraityn-eshkim-zhoq-auyr-dertke-shaldyqqan-8-ailyq-aishabibining-anasy-qyzynyng-emi-ushin-elden-komek-surady/