Қазақстанда Конго-Қырым қызбасынан екі адам көз жұмды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басшысының орынбасары Қазақстанда Конго-Қырым қызбасымен ауырғандар бойынша статистикалық мәліметтер жариялап, 2 адамның өлімі тіркелгенін мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басшысының орынбасары Зәуре Ахметованың сөзінше, Қазақстанның 4 өңірінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы бар: Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы.
"Сәуір айынан бері Қырым-Конго геморрагиялық қызбасына шалдыққан 16 адам тіркелді, оның ішінде Түркістан және Қызылорда облыстарында – 7 адам, Шымкентте – 2 адам.
Тіркелген 10 жағдай бойынша (63 пайызы) пациенттер мал шаруашылығымен айналысқан, 5 адамды (31 пайыз) кене шаққан, бір адам (6 пайыз) эндемиялық аймаққа барған.
Биыл аурудың эпидемиялық кезеңінде 2 адам көз жұмды: 1 адам сәуір айында Қызылорда облысында, тағы 1 адам маусым айында Шымкент қаласында (Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны) қайтыс болды.
8 науқас емделіп жатыр, қалғаны емделіп шықты, байланыста болған 115 адам дәрігерлердің бақылауында", - деді спикер.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің комитеті жыл басынан бері Қазақстанда тырысқақ ауруына шалдыққан 3 адам тіркелген. Қырғызстан мен Ресейдің азаматтары Үндістанға барып, ауру жұқтырған.
Еске салайық, сәуір айының басында Air Astana әуе компаниясының Дели-Алматы бағыты бойынша ұшатын ұшағында санитарлық-карантиндік бақылау кезінде тырысқаққа шалдыққан жолаушы анықталғаны хабарланған болатын. Ауру жұқтырған Қырғызстан азаматы екені және Делиден туған жеріне Алматы арқылы бара жатқаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2136981-qazaqstanda-kongo-qyrym-qyzbasynan-eki-adam-koz-zhumdy/