jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда Конго-Қырым қызбасынан екі адам көз жұмды

    Науқас пен дәрігер
    Науқас пен дәрігер. Көрнекі фото: pexels.com

    Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басшысының орынбасары Қазақстанда Конго-Қырым қызбасымен ауырғандар бойынша статистикалық мәліметтер жариялап, 2 адамның өлімі тіркелгенін мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басшысының орынбасары Зәуре Ахметованың сөзінше, Қазақстанның 4 өңірінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы бар: Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы.

    "Сәуір айынан бері Қырым-Конго геморрагиялық қызбасына шалдыққан 16 адам тіркелді, оның ішінде Түркістан және Қызылорда облыстарында – 7 адам, Шымкентте – 2 адам.

    Тіркелген 10 жағдай бойынша (63 пайызы) пациенттер мал шаруашылығымен айналысқан, 5 адамды (31 пайыз) кене шаққан, бір адам (6 пайыз) эндемиялық аймаққа барған.

    Биыл аурудың эпидемиялық кезеңінде 2 адам көз жұмды: 1 адам сәуір айында Қызылорда облысында, тағы 1 адам маусым айында Шымкент қаласында (Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны) қайтыс болды.

    8 науқас емделіп жатыр, қалғаны емделіп шықты, байланыста болған 115 адам дәрігерлердің бақылауында", - деді спикер.

    Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің комитеті жыл басынан бері Қазақстанда тырысқақ ауруына шалдыққан 3 адам тіркелген. Қырғызстан мен Ресейдің азаматтары Үндістанға барып, ауру жұқтырған.

    Еске салайық, сәуір айының басында Air Astana әуе компаниясының Дели-Алматы бағыты бойынша ұшатын ұшағында санитарлық-карантиндік бақылау кезінде тырысқаққа шалдыққан жолаушы анықталғаны хабарланған болатын. Ауру жұқтырған Қырғызстан азаматы екені және Делиден туған жеріне Алматы арқылы бара жатқаны белгілі болды.

    Қазақстанда Конго-Қырым қызбасынан екі адам көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.