Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүйелі заң бұзу анықталды": министр "СҚ-Фармациядағы" жемқорлыққа қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ақмарал Әлназарова фото
Ақмарал Әлназарова: Фото: Үкімет

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимы агенттігінің медициналық ұйымдардағы жемқорлық фактілері туралы мәлімдемесіне пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Үкімет отырысы аясында өткен басапсөз мәслихатында БАҚ өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік анализі еліміздегі денсаулық сақтау саласынан жемқорлық фактілерінің жиі болатынын көрсетіп бергенін, осыған қатысты ведомство басшысының пікір білдіруін сұрады.

"Жоғары аудиторлық палата үлкен тексеру жүргізді. Денсаулық сақтау министрлігі де зерттеу жүргізді. Медициналық құрал-жабдықтарды, дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде жүйелі бұзылыстар болғаны анықталды. Біз анықталған жайттарды Жоғары аудиторлық палатаға бердік. Осы уақытқа дейін материалдар қаралды. Осы іске қатысты жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды, кейбірі жұмыстан қуылды", - деді Ақмарал Әлназарова.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік талдау нәтижелері бойынша, "СҚ-Фармацияда" халықты дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен уақтылы және сапалы қамтамасыз ету, фармацевтика өнеркәсібі мен өнеркәсібін дамыту міндеттерін іске асыруға кедергі келтіретін елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екенін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2138436-zhuieli-zang-buzu-anyqtaldy-ministr-sk-farmatsiiadagy-zhemqorlyqqa-qatysty-pikir-bildirdi/