jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    "СҚ-Фармация" жабыла ма: министр Ақмарал Әлназарова жауап берді

    Ақмарал Әлназарова
    Ақмарал Әлназарова. Фото: gov.kz

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анализдерінде жемқорлық тәуекелдері көп деп танылған "СҚ-Фармацияны" жабуға қатысты журналистер сұрағына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Үкімет отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында журналистер "СҚ-Фармацияны" жабу туралы мәселені көтерді.

    "Біз жалпы сіздердің сыныңызбен де, агенттіктің анализімен де келісеміз. Кемшіліктермен жұмыс істеп жатырмыз. "СҚ-Фармациядан" бас тартатын болсақ, оның функциясын жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. 2018 жылға дейін мұндай тәжірибе бізде болған. Әр медициналық мекеме өзі бөлек сатып алған кезде көп алып қоюы мүмкін. Сонымен қатар дәріні көп көлемде алған кезде бюджетті үнемдеуге тиімді. "СҚ-Фармацияның" құрылған кезінен бастап 200 миллиард теңге үнемделген", - деді ол.

    Ол сондай-ақ Антикордың тексерісі айта кетті.

    "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік "СҚ-Фармацияны" ғана емес, Ұлттық дәрі-дәрмекті сынақтан өткізу ұлттық ғылыми орталығы, министрліктің фармацевтикалық бақылау департаментін де тексеруден өткізді. Жүйелі құқық бұзу екі органда да анықталды. Қажетті кадрлық шешімдер қабылданды. Дәрі-дәрмекті, қажетті жабдықты сатып алу басқа методолгиямен жүргізілетін болады. Осыған қатысты министрліктің бұйрықтарын қарастыратын боламыз", - деді министр.

    "СҚ-Фармация" жабыла ма: министр Ақмарал Әлназарова жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.