Денсаулық сақтау министрі отставкаға кетуі жөніндегі сұраққа жауап берді
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова "Саладағы дау-жанжалдар мен проблемаларға байланысты беделін сақтау үшін отставкаға кету туралы ой келмеді ме?" деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова салада проблемалар бар екенін мойындады.
"Мұнымен біреу айналысуы керек. Мәселе жеткілікті. Бірақ ең бастысы, біз бұл мәселелердің қайдан туып тұрғанын, оларды шешу жолдарын көріп тұрмыз, олармен жұмыс істейміз.
Сонымен қатар жұмыс сапасының басы бар, бірақ соңы болмайды. Тапсырма берілді, қазір соны орындап жатырмыз. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты жұмыстың бәрі қолдан келгенше атқарылады", - деп сендірді министр.
Айта кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анализдерінде жемқорлық тәуекелдері көп деп танылған "СҚ-Фармацияны" жабуға қатысты журналистер сұрағына жауап берді.
Сондай-ақ министр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимы агенттігінің медициналық ұйымдардағы жемқорлық фактілері туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.
Бұған қоса Ақмарал Әлназароваға коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсалық сақтау ұйымы неліктен әлі тіркемегенін түсіндірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2138661-densaulyq-saqtau-ministri-vedomstvo-basqarganyna-okine-me-degen-suraqqa-zhauap-berdi/