Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде таңбасы техникалық регламентке сәйкес келмейтін құрма сатылғаны анықталды

Жарияланған күні:

Құрма
Құрма. Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ШҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қолдауымен қоғамдық ұйым жасырын сатып алушы әдісімен Абай облысы бойынша 30-дан астам зерттеу өткізілді. Бұл туралы Жанна Биятан мәлімдеді.

"Көп нәтижелер біздің көңілімізді түсіргені рас, себебі тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі сын көтермейді. Әрине, жазғы мезгілде біз жұмысымызды күшейттік. Сонымен, жақында «Royal Mazavati bam dates» құрмалары бойынша тағы бір нәтижелер анықталды. Ұлттық сараптама орталығы бірқатар кешенді зерттеулер өткізді, соның ішінде таңбаламаны анықтау – тағам өнімінің қауіпсіздік өлшемдерінің бірі", – деді Жанна Биятан.

Ресейде шығарылған (құрмалар) суретте көрсетілгендер Семей қаласы дүкендерінің бірінен сатылып алынған.

Құрма
Құрма. Фото: Биятан Жанна

Өнімде пестицидтер жоқ, сондай-ақ қорғасын және кадмий сияқты ауыр метал тұздары да жоқ, бұл қуантарлық жағдай болып көрінгенімен, Кеден одағының «Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты» 022/2011 техникалық регламенті бойынша 2024 жылдың 9 шілдесіндегі №223/15228 09 шілде 2024 жылғы кешенді зерттеу хаттамасының мәліметтеріне сай, төмендегі ақпараттардың жоқ екені анықталды:

  • Қазақ және орыс тілдерінде атауы туралы;
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі тағам өнімінің құрамы туралы;
  • - Көлемі туралы (салмағы);
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі тағам өнімін сақтау талаптары туралы;
  • Қазақ және орыс тілдерінде тағам өнімін дайындаушының атауы және

орналасқан орны көрсетілмеген;

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі тағам өнімінің тағамдық құндылықтарының көрсеткіштері көрсетілмеген;
  • Өнім айналымының Бірыңғай белгісі көрсетілмеген (ЕАС);
  • Тағам өнімінің таңбалама жазбалары орыс және мемлекеттік тілдерде жазылмаған.

«Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 005/2011) техникалық регламентіне өнімнің сәйкестігін анықтау кезінде белгілі болғаны:

Сандық код пен қаптама материалының неден жасалғанын білдіретін әріптік белгіні құрайтын таңбаламадағы ақпараттарда тағы тағам өнімімен жанасуға арналғанын білдіретін символдар болуы қажет – Мебиус түйіні жоқ.

ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңының 25-бабы 7-тармағы негізінде бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып есептеледі.

Кәсіпкерлер нені білу керек?

Дайындаушы өнімді айналымға шығару кезінде тұтынушыларды құрамына, қасиетіне, белгіленуіне қатысты жаңылыстырмайтындай, сондай-ақ, тұтынушылардың дұрыс таңдау жасау мүмкіндігіне қолжеткізуде өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тікелей немесе жанама сипаттайтын ақпараттарды анық, түсінікті, қажетті, толық қамтамасыз етуі керек.

Оның үстіне, тұтынушыларды өнімнің құрамына, қасиетіне, белгіленуіне қатысты жаңылыстыратындай, сондай-ақ, дұрыс таңдау жасау мүмкіндігіне қолжеткізуде өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тікелей немесе жанама сипаттайтын ақпараттармен қамтамасыз етілмеген өнімдерді айналымға шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сапасыз тауарларды сатып алғанда тұтынушылар нені білуі керек?

Қазақстан заңнамасына сай, сатушы сататын тауарының сапасы мен қауіпсіздігі үшін жауап береді.

Егер тауар қауіпсіз емес және тиісті сапада болмай шықса, тұтынушы сатушыға тауарды айырбастау немесе қайтаруды талап етіп жүгінуге, сондай-ақ осы тауарды сатып алуға келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.

Тиісті сапаға сай келмейтін тауар дегеніміз – сатып алу-сату шартының талаптарына сай келмейтін, мақсатына сай оны қолдану үшін қажетті қасиеттері жоқ немесе жалпы қабылданған талаптарға және стандарттарға сай келмейтін тауар айтылады.

Қауіпті тауар дегеніміз – өндірушінің (жабдықтаушы) қадағалануын, қауіпсіздігін растаушы құжаттары жоқ тауары, таңбалауы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтін, жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе біткен, сондай-ақ қолдан жасалған өнім.

Тұтынушылардың құқығының бұзылуы туралы өтінішті қайда беруге болады? Азаматтардың өтініші бойынша бүгінгі таңд ең қолайлы сервис деп eotinish.kz сайтын атап өтуге болады, ол арқылы азаматтардың денсаулығын қорғау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі тиісті органдарға өтінішті оңай жіберуге болады.

Тұтынушылардың мәселелерін шешуде белсенді жұмыс жүргізетін тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық ұйымдарының да қорғауына жүгінуге болады.

Тұтынушыларға ұсыныстар!

1) Қаптаманы тексеріңіз: қаптамада жарамдылық мерзімі, құрамы және сақтау талаптарын қоса алғанда, бүкіл қажетті ақпараттың болуына көз жеткізіңіз;

Мерзімі өткен өнімдерді сатып алмаңыз: мұндай тауарларды пайдалану денсаулыққа қатысты елеулі проблемаларды тудыруы мүмкін;

Мемлекеттік тілдегі ақпаратты талап етіңіз: Барлық тауарларда ақпараттың айқындығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қазақ және орыс тіліндегі ақпарат болуы керек;

Фискальды чектерді талап етіңіз. Олар сапасыз, қауіпсіз тауарды қайтаруға немесе шығынды өтеуге көмектеседі.

Бұл дерек бойынша материалдар қажетті шаралар қабылдау үшін тиісті органдарға жолданады.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушы – «Маңғыстау облыстық тұтынушыларды қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі дайындады.

«МОТҚҚҚ» ҚБ тарататын тауарлардың сапасына қатысты зерттеулер нәтижелері (жұмыстар, қызметтер) туралы ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2149060-semeide-tangbasy-tehnikalyq-reglamentke-saikes-kelmeitin-qurma-satylgany-anyqtaldy/