Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұтынушылардың құқығына төнген қауіп: өнімнің таңбаламасындағы бұзушылықтар

Жарияланған күні:

Шұжық
Көрнекі фото: pixabay.com

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің мамандары өнімді қалай "ақылмен" сатып алуға болатынын, тауарды дұрыс таңбаламаудың қауіп-қатері қандай екенін айтып берді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер несімен қауіпті: сарапшылар жауап берді

Соңғы уақытта Қазақстанда азық-түлік өнімдерін техникалық регламенттер мен стандарттар талаптарын бұза отырып сату фактілері жиілеп кетті. Мұндай жағдайлар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылардың алаңдаушылығын тудырады. Сатып алушыларға бұдан қандай қауіп келетінін және өз міндетін дұрыс орындамайтын кәсіпкерлерге қандай шаралар қолдануға болатынын анықтап көрейік.

Азық-түлік қауіпсіздігі саласын бақылаудан Петропавл да қалыс қалған жоқ.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігінің барлық талабы бойынша аккредиттелген зертханада жүргізілген кешенді зерттеулер барысында Петропавл қаласындағы дүкендердің бірінен қоғамдық бірлестік өкілі сатып алған "Стародворские колбасы" маркалы "Филейная" шұжық өнімдерінің Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" техникалық регламенті 022/2011 талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

Өнім таңбаламасы нені жасырады және оның тұтынушы құқығына әсері қандай?

"Стародворские колбасы" фирмасының "Филейная" шұжығы зерттеу нәтижесінде өрескел заңбұзушылықтар анықталған соң сарапшылардың назарына ілікті. Қаптамасында КО ТР талаптарына сәйкес міндетті негізгі мәліметтер көрсетілмеген. Атап айтқанда, өнім таңбаламасында:

  • Өнім көлемінің (салмағы) көрсетілмеуі – бұл олардың мөлшерін бақылауды қиындатып, тұтынушылар өнімнің нақты салмағына сенімді бола алмай, бұл олардың артық шығындалуына әсер етуі мүмкін. Мұндай мәліметтер көрсетілмеген жағдайда алақол сатушы тұтынушыға сатқан тауардың салмағына (массасы) қатысты ақпаратты таразы немесе басқа да бақылау-өлшеу құралдарында негізсіз арттырып, бұрмалауы мүмкін, яғни, тұтынушыларды алдау мүмкіндігі бар.

Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы арқылы сатушының (дайындаушының) тауар туралы, оның ішінде тауар массасының (нетто), көлемі мен санының мөлшері туралы толық, сенімді ақпаратты дер кезінде беру міндеті белгіленген.

Сонымен қатар сатып алу кезінде тұтынушы тек сапасын тексеріп қана қоймай, сонымен қатар сатып алынған өнімнің салмағын (көлемін) да тексеруге құқылы.

Тұтынушы тауардың салмағына күмәнданған жағдайда сатушы (дайындаушы) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген өлшем құралдарын пайдалана отырып, көрсетілген сипаттамаларды жеке тексеру мүмкіндігін беруге міндетті.

Бұл талаптарды сақтау – тұтынушыларға көмектесу және тауарды сатып алу кезінде мәселелер туындағанда оларды қорғау үшін қажет.

Заң және жауапкершілік: бұзушылыққа қолданылатын жаза қандай?

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді өткізу өрескел бұзушылық болып саналады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес, тауарды бұзушылықтар арқылы өткізгені үшін жауапкершілікке:

  • Кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл салу.
  • Бұзушылықтар қайталанған жағдайда қызметті тоқтату.
  • Өнімді сатудан алып тастау міндеттемесі кіруі мүмкін.
"Филейная" шұжыгы
Фото: Биятан Жанна

Қоғамдық ұйым зерттеу нәтижелері мен материалдарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберді.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұрынғы Кеден одағының), атап айтқанда, Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" техникалық регламенті 022/2011 таңбаламада өнім туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі барлық қажетті ақпараттың болуын талап етеді. Бұл стандарттарды бұзу адамдардың денсаулығына ғана емес, сонымен қатар өндіруші компаниялардың беделіне қауіп төндіреді.

Бұл мәселеге қатысты тұтынушылар құқығын қорғау саласының сарапшысы Алия Алибекова:

"Қаптамадағы негізгі мәліметтердің жоқтығына қатысты бұзушылықтар өндіруші мен сатушы тарапынан жауапкершіліктің жеткіліксіздігінің елеулі белгісі болып саналады. Тұтынушылар сатып алатын өнімдерінің қауіпсіз және талаптарға сай екендігіне сенімді болуы керек. Біз азаматтарымыздың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін өндірушілер мен сатушылардан барлық нормалар мен стандарттарды қатаң сақтауын талап етуіміз қажет", – дейді.

Адам құқықтары жөніндегі сарапшының тұтынушыларға арналған бірқатар ұсынымдары:

1. Қаптамадағы барлық қажет ақпараттарды, әсіресе, өнімнің тұтынушылық қасиеттері, оның жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, салмағы және т.б. тексеріңіз.

2. Сатушыларға сұрақ қоюдан және өнімді сатып алардан бұрын сапасын тексеруден тартынбаңыз.

3. Тек фискалдық, кассалық немесе сату түбіртегін ғана емес, сонымен қатар өнімнің сәйкестігі туралы сертификатты/декларацияны да талап етіңіз.

Тұтынушылар өнімнің сәйкестік туралы декларациясының, сондай-ақ қазақстандық тізілімінің бар-жоғын жеке қарау үшін ЕАЭО-ның берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінің ақпараттық ресурсына қол жеткізе алады.

4. Қауіпті өнімдердің таралуын болдырмау үшін тиісті бақылаушы органдарға бұзушылықтар туралы хабарлаңыз.

Қорытынды: не істеу керек?

Тұтынушылар мұқият әрі хабардар болып, ал кәсіпкерлер тұтынушылардың қауіпсіздігі мен сенімін қамтамасыз ету үшін барлық заң талаптарын орындауы қажет. Осы ұсынымдарды ұстану арқылы біз қауіпсіз тұтынушы ортасын құрып, денсаулыққа келетін қауіпті азайта аламыз.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "MOТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161879-tutynushylardyng-quqygyna-tongen-qauip-onimning-tangbalamasyndagy-buzushylyqtar/