Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүт өнімдері қалай таңбаланады: Орал қаласында сатылған қоюлатылған сүт талапқа сай болмай шықты

Жарияланған күні:

Сатып алынған заттарды салатын арбалар
Сатып алынған заттарды салатын арбалар. Фото: pixabay.com

«Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі өкілдері («МОТҚҚҚ» ҚБ) Орал қаласынан сатып алған «Волоконовское» қаймағы алынбаған қанты бар қоюлатылған сүтінен техникалық регламентттерде белгіленген тұтынушылық таңбалауға қойылатын талаптарға қатысты сәйкессіздіктерді анықтады.

«Қаймағы алынбаған қанты бар қоюлатылған сүт» – қанты бар концентрацияланған немесе қоюланған сүт өнімі, сүттің құрғақ заттарының салмақтық үлесі кемінде 28,5 пайызды құрайды, сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарындағы сүт ақуызының салмақтық үлесі – кемінде 34 пайыз және сүт майының салмақтық үлесі – кемінде 8,5 пайыз.

Сүт және сүт өнімінің Кеден одағының «Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты» (022/2011)  техникалық регламентіне және «Сүт және сүт өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің қосымша талаптарына сай келетін тұтынушыларға арналған ілеспе ақпараты болуы керек.

     «Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты» техникалық регламентінің 4-бабында көрсетілген жалпы таңбалаудан бөлек, сүт немесе сүт өнімінің топтық, көпайналымдық немесе көліктік қаптамасының әрбір бірлігіне тұтынушыларға арналған келесідегідей ақпараттар таңбаламада жазылады:

      а) тауарлық белгі (сауда белгісі) (болған кезде);

      б) таза салмағы (брутто салмағы – дайындаушының қалауы бойынша);

      в) сүт немесе сүт өнімі топтамасының нөмірі;

      г) ескерту жазбалары немесе манипуляциялық белгілері (мысалы: «күн сәулесінен сақтау», «температураны шектеу», «ылғалдан қорғау», «тез бүлінетін жүк») – сүт немесе сүт өнімінің сақтау және тасымалдау режімдеріне сай таңдалып жазылады;

      д) өнімнің құрамы – транспорт ыдысымен тасымалданатын сүт немесе сүт өнімі

үшін;

      е) транспорт ыдысымен тасымалданатын сүт немесе сүн өнімі үшін (үшінші елден әкелінетін сүнт немесе сүт өнімі үшін көрсетпеуге болады) – сүтті қайта өңдеу өндірісіне сәйкес өндірушінің стандартқа сәйкестік немесе техникалық құжаттар. Тұтынушыларға арналған бұл ақпараттар қазақ, сондай-ақ орыс тілдерінле жазылуы керек.

«Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі өкілдері («МОТҚҚҚ» ҚБ) Орал қаласынан сатып алған «Волоконовское» қаймағы алынбаған қанты бар қоюлатылған сүті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК кешенді зерттеуге тапсырылып, техникалық регламентттерде белгіленген тұтынушылық таңбалауға қойылатын талаптарға қатысты сәйкессіздіктерді анықтады: қазақ тіліндегі ақпарат жоқ.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің КО ТР 021/2011 40-бабы 1-тармағына сәйкес, ТР талаптарына сай келмейтін тағам өнімінің ЕАЕО кедендік аумағында айналымға шығаруға жол бермеу жөніндегі барлық шараларды қабылдауға, сондай-ақ оны айналымнан алып тастауға міндетті.

Қоюлатылған сүт
Қоюлатылған сүт. Фото: Биятан Жанна

Мемлекеттік тілдегі таңбаламаның болмауы:

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» және ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының нормалары өндірушілер мен сатушыларды қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндеттейді, бұл Қазақстан аумағында сатылатын шетелде шығарылған тауарлар үшін міндетті талап болып табылады.

Қазақстанда қазақ тілі мемлекеттік болып табылады, тұтынушылар өз ана тілінде тауарлар туралы ақпарат алуға заңды құқығы бар. Бұл дұрыс емес немесе ақпараттары толық емес тауарларды түсінбеуге немесе оларды дұрыс емес қолдануға әкелуі мүмкін. Оның үстіне ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңына сай, ақпарат бір тілде немесе шет тілінде берілсе – ақпарат берілмеген болып есептеледі.

«Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» әлеуметтік жоба шеңберінде аккредиттелген зертханаларда тауарларды кешенді зерттеулер ұйымдастырады және азаматтардың хабардарлығын арттыра отырып, БАҚ арқылы нәтижелерін таратады, – деп хабарлайды сарапшы-құқыққорғаушы Алия Алибекова.

«ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңына сай, біздің бірлестіктің зерттеулер өткізуге және тұтынушылардың анықталған бұзушылықтары және құқықтары туралы ақпарат жариялауға құқығы бар. Біз тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған басқа да ақпараттармен қатар тауарлардың сапасына қатысты зерттеу нәтижелерін ұсынамыз», — деп қосты.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін зерттеу материалдары құзырлы органдарға жолданды.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – «Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамы» қоғамдық бірлестігі дайындады. «МОТҚҚҚ» ҚБ тарататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Осығfн ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2149077-sut-onimderi-qalai-tangbalanady-oral-qalasynda-satylgan-qoiulatylgan-sut-talapqa-sai-bolmai-shyqty/