Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет емханалар мен ауруханаларға 200 миллиард теңге қарыз екені мәлім болды

Жарияланған күні:

Аурухана
Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет емханалар мен ауруханаларға Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шамамен 200 миллиард теңге қарыз. Бұл туралы МӘМС төрағасы Әбілқайыр Сқақов мәлімдеді. Қарызды жабу үшін республикалық бюджеттен қаражат түсуі керек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Әбілқайыр Сқақовтың сөзінше, қарызға жыл басында төлем жүргізуге арналған жүйенің болмауы және бюджеттен қаражат алу мәселелері себеп болған.

"Жыл басынан бері бізде төлем жүргізуге арналған ақпараттық жүйе болған жоқ. Оны қазір іске қостық, барлық төлем жасалып жатыр. Бірақ екінші мәселе туындады – МӘМС желісі бойынша қаражат жетіспейді. Сондықтан біз осы аптада мамыр айына дейінгі барлық міндеттемелерді жабамыз, ал республикалық бюджеттен қаражат түскен кезде қыркүйекте маусым, шілде айларын өтейміз", - деді ол.

Сқақов алдағы 1,5-2 айда мемлекеттің медицина ұйымдарының алдындағы қарызы азаюы мүмкін екенін айтты.

"Жыл басында төлем жасау құралы болмады, ал кейін бюджеттен қаражат алу мәселелері туындады. Өйткені МӘМС бойынша барлық төлемдер уақытында және дұрыс түскен. Қарыз сомасы – бүгінгі таңда шамамен 200 млрд теңге", - деп түйіндеді ол сөзін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2152021-memleket-poliklinikalar-men-auruhanalarga-200-milliard-tengge-qaryz/