Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада тісін жұлдырған бала екі жылдан бері дұрыс ұйықтай алмай қалған

Жарияланған күні:

Тіс емханасы
Тіс емханасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылордада балалар стоматологиясында баланың тісін жұлдырған балаға кейін үш ота жасалған. Сот шешімі бойынша жәбірленушілер емханадан жалпы сомасы 1,5 млн теңгеден астам өтемақы өндірді, деп хабарлайды Жоғарғы сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жоғарғы сот ақпаратынша, Қызылорда қаласының тұрғыны баласының тісі ауырған соң орталық қалалық емхананың балалар стоматологиясына барған. Тіс дәрігері баланы емдеп, тісін жұлып тастаған.

Емдеуден кейінгі келесі күні баланың жақ сүйегі ісініп, жалпы денсаулығы нашарлаған.

Кейін балаға облыстық көпсалалы аурухананың жақ-бет бөлімшесінде "Сол жақ төменгі жақтың жедел іріңді одонтогенді флегмонасы, 7,5 тісін жұлғандағы жағдайы" диагнозымен екі рет ота жасалған.

Арада алты ай өткенде баланың жақ сүйегі қайта ісіп, іріңді жарасы жазылмағандықтан, олар Алматы қаласында ақылы негізде хирургиялық араласу арқылы ауруханада емделуге мәжбүр болған.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті ананың шағымы бойынша жүргізілген емхананы тексеру қорытындысына сәйкес, емхана тіс дәрігері кәмелетке толмаған балаға медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық диагностика және емдеу хаттамаларын сақтамағанын анықтады.

Оның тісін орта медициналық білімі бар стоматолог жұлған, емдеу алдында жақ сүйегінің рентгенографиясы объективті тексерілмей, асқынулар – төменгі жақтың қабыну процесі болған.

Баланың анасы стоматологиялық емханадан өзіне келтірілген моральдық және материалдық шығынды өтеуді сұрап, сотқа талап қоюмен жүгінген.

Талап қоюда ол емхана медицина қызметкерінің салғырттығынан және алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсетпеуінен ауру асқынып, бала 2 жылға жуық ұйықтай алмай, дәрігерлердің қорытындысы бойынша мүгедек болып қалғанын көрсеткен.

Сондай-ақ оларға ақылы негізде үш операция жасауға, тіс емдеуге және дәрігерлерден кеңес алуға мәжбүр болғаны атап өтілген.

Сот стоматологиялық емханадан моральдық шығын мен материалдық шығын үшін 1,5 миллион теңгеден астам өтемақы өндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2152506-qyzylordada-tisin-zhuldyrgan-bala-eki-zhyldan-beri-durys-uiyqtai-almai-qalgan/