Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ұшақ шұғыл қонды: дәрігерлер Жапониядан келген науқастың қазіргі жағдайын айтты

Жарияланған күні:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен сенбіде Токиодан Цюрихке бет алған ұшақ Астанаға шұғыл қонды. Жолаушылардың бірі инсульт алған еді. Дәрігерлер науқастың қазіргі жағдайын баяндады, деп хабарлайды Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметіне сәйкес, науқас қазір Инсульт орталығының бөлімшесіндегі палатаға ауыстырылды. Науқастың беті бері қараған.

Еске салсақ, 17 тамызда елордаға шұғыл қонған Токио-Цюрих рейсіндегі оқиғаға байланысты Астана әуежайы екі сағатқа барлық рейстерге уақытша жабылғаны хабарланған болатын.

Содан кейін ұшақтың ұшу жолағынан шығып кеткені белгілі болды. Экипаж 50 жастағы жолаушы инсульт алды деген күдікке байланысты қонуға шешім қабылдаған. Кейін Астана әуежайы жұмысын қайта жалғастырды.

Сондай-ақ Астана әуежайындағы Токио-Цюрих рейсімен болған оқиғаға көлік вице-министрі Талғат Ластаев түсініктеме берген еді.

"Бұл ұшақ апатты жағдайда қонды. Қазір жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр. Тиісті сараптамадан кейін ұшақ өз еліне ұшып кетті. Барлық жолаушы діттеген жеріне басқа әуе кемесімен жеткізілді. Тергеу бойынша, талапқа сәйкес, бұл оқиғаны әуе кемесінің тіркелген елі, яғни Швейцария тергейді", - деді Талғат Ластаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2152588-astanada-ushaq-shugyl-qondy-darigerler-zhaponiiadan-kelgen-nauqastyng-qazirgi-zhagdaiyn-aitty/