Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус қайтадан өрши ме: министр жауап берді

Жарияланған күні:

Ақмарал Әлназарова фото
Ақмарал Әлназарова: Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірлескен палаталар отырысында елдегі коронавирусқа қатысты жағдайға тоқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министр әзірге дабыл қағатындай жағдай емес екенін, десек те министрлік шара қабылдап жатқанын айтты.

"Коронавирус инфекциясына қатысты бүгінгі ахуал туралы айтсақ, тоғыз адам коронавирус инфекциясымен ауруханаға жатқызылды. Жыл басынан бері қайғылы жайтпен аяқталған жағдай тіркелген жоқ", - деді министр.

Бірақ коронавирус жұқтырғандар тіркеліп жатқанын жасырмады.

"Иә, ауырғандар тіркеліп жатыр. Бірақ жалпы жағдай қалыпты шекте. Бірақ дайындықсыз отыра алмаймыз. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі, бас санитар дәрігер тиісті шаралар қабылдады. Біз медицина ұйымдарының қызметкерлерінің арасында күшейтілген маска режимін енгіздік. Өйткені бірінші кезекте медициналық қызметкерлердің өзін қорғауымыз керек", - деді Ақмарал Әлназарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2156211-koronavirus-qaitadan-orshi-me-ministr-zhauap-berdi/