jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізіледі

    Медициналық аппарат
    Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Үкімет отырысында премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Тамара Дүйсенова халыққа медициналық көмек көрсетуге қатысты қандай өзгерістер енгізілетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Тамара Дүйсенованың айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы негізгі өзгерістер халыққа көрсетілетін медициналық көмек көлеміне қатысты болады.

    "Кепілдендірілген базалық және сақтандыру пакеттерінен тұратын медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруды көздейтін заң жобасы дайындалды. Бұл ретте қалыптастырылатын пакет қор жасаудың тиісті деңгейін талап етеді. Осыған байланысты жобада жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар да қарастырыладв", - деп атап өтті ол.

    Бұл тіркелген жұмыссыздар үшін жарналарды жергілікті бюджет есебінен төлеуге және жүйенің параметрлерін жоғарғы шекті және медициналық сақтандыру қорына аударымдар мөлшерлемесін өзгертуге қатысты қабылданып отырған шара.

    "Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасын әзірледі. Оны осы айдың соңына дейін енгізу жоспарланып отыр", - деп түйіндеді сөзін Дүйсенова.

    Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.