Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында балалардың жаппай улануы: үкімет тексеру жұмыстарын бақылауына алды

Жарияланған күні:

Мектеп асханасы
Мектеп асханасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министр Олжас Бектенов Мұнайлы ауданынының Бесшоқы ауылында балалардың улануына байланысты денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін, Маңғыстау облысы әкімінің есептерін тыңдады. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Үкімет ақпаратынша, бүгінгі таңда 460 бала дәрігерлердің бақылауында, оның 83-і ауруханаға жатқызылды, 2 бала жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендердің барлығы, оның ішінде жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы тұрақты. Денсаулығының жақсаруына байланысты реанимацияда жатқан екі бала жалпы бөлімшеге ауыстырылды.

Қазіргі уақытта ауруханаға улану белгілерімен түскен балалардың барлығына толық көлемде қажетті медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетілуде. Оқиға орнында ҚОқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тәулік бойы штаб жұмыс істейді.

"Ауру ошағын оқшаулау және жою шараларын күшейту үшін өңірге "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының мамандары жіберілді.

Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған.

№8 мектепте тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылады", - делінген хабарда.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстаудағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалғанын хабарлаған едік. Олардың ата-аналары шағым түсірген. Жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook-тегі парақшасында балалардың жаппай улануына қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2158974-manggystau-oblysyndagy-balalardyng-ulanu-tekseru-zhumystaryn-ukimet-baqylauga-aldy/