jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау мектебінде оқушылар жаппай уланып қалды

    Жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Маңғыстаудағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалды. Олардың ата-аналары шағым түсірген. Жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Lada.kz.

    Бесшоқы ауылындағы (бұрынғы Маңғыстау-5) бірінші сынып оқушысының туыстарының бірі №8 мектепте бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланғандарын айтты.

    "Қарындасым сабақтан шаршап қайтып, ұйықтағысы келетінін айтты. Кешке қарай оянған кезде ауырып, дене қызуы 39,2 градусқа дейін көтерілді. Маңғыстау ауылындағы ауруханаға өзіміз апардық", - дейді оқушы қыздың ағасы.

    Зардап шеккен 1-сынып оқушысының туыстары Бесшоқы ауылында ауруханаға адам толып, кезек пайда болғанын айтады. Олардың айтуынша, онда 50-ден астам бала бар.

    Олар Маңғыстау ауылындағы медициналық мекемеде 35-40 оқушыны көрген. Балаларын Ақтау қаласындағы 26-ықшамауданда орналасқан Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізгендер де бар.

    Қазіргі уақытта зардап шеккендер әлі де келіп жатыр.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 6 қыркүйек күні кешке №8 мектептің 21 оқушысының ата-анасы балаларының іші ауырып, дене қызуы көтеріліп жедел жәрдем шақырғандарын айтты.

    Сағат 13:15-те медициналық көмекке 58 бала жүгінген. 26 науқас емханада ем қабылдап жатыр, кәмелетке толмаған 27 бала үйде, 5-уі ауруханада.

    Қалыптасқан жағдайдың себебін анықтау үшін Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне хабарлама жіберілді.

    Маңғыстау мектебінде оқушылар жаппай уланып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram