Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: асхана мөрленіп, жауаптылар анықталды

Жарияланған күні:

асхана
Мектеп асханасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті және Ішкі істер министрлігі өкілдері Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануына қатысты соңғы мәліметтерді бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Балалар құқығын қорғау комитет өкілдерінің мәліметінше, қазір оқиға орнында ведомство өкілдері жұмыс істеп жатыр. Балаларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Бүгінгі күні дәрігерлер 460 баланы тексеріп, оның 377-сі облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына 83 бала түсті. Екеуі жан сақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Оқушылардың денсаулығы жақсарып келеді.

Үйде бақылауда болған оқушылар бүгін мектепке барды", - деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ мектеп асханасы мөрленіп, жабылғаны хабарланды. Балалар толық сауыққаннан кейін оларға қосымша сабақтар ұйымдастырылады.

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша, бүгіннен бастап барлық облыс пен қалаларда мектептегі тамақтандыру бөлімшелерін бақылау үшін мобильді топтар ұйымдастырылды. Бұл топтар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және тамақтан уланудың алдын алу мақсатында ыстық тамақтың сапасын және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалайды.

"Мектептегі азық-түлік жеткізушілері өнімдердің сапасына және олардың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігіне тікелей жауапты екенін атап өткен жөн, әрбір әрекеттің артында балаларымыздың өмірі мен денсаулығы тұрғанын есте ұстаған жөн", - деді Балалар құқықтарын қорғау комитетінің өкілі.

Ішкі істер министрлігі өкілдері де оқушылардың улануына қатысты тергеу барысы туралы мәлімет берді. Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық іс шеңберінде Маңғыстау облысы полиция департаменті қызметкерлері мектеп, асхана және компания өкілдерін қатыстырып, барлық қажет тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

"Мектеп асханасына азық-түлік сатып алынған нысандар анықталды. Жеткізу шарттары мен үлгілері алынып, қажетті зерттеулер тағайындалды.

Жедел-іздестіру шаралары мен зерттеу нәтижелері бойынша кінәлілердің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында. Тергеу жалғасуда", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстаудағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалғанын хабарлаған едік. Олардың ата-аналары шағым түсірген. Жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берген еді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook-тегі парақшасында балалардың жаппай улануына қатысты пікір білдірген еді.

Кейіннен уланған оқушылар саны 140 адамнан асқанын олардың 82-сі емханада емделіп жатқанын хабарладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2159140-manggystauda-oqushylardyng-zhappai-ulanuy-ashana-morlenip-zhauaptylar-anyqtaldy/