Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ұшақ шұғыл қонды: жапониялық жолаушының жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Токио-Цюрих рейсінің жолаушысы өзін нашар сезінгендіктен ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонған еді. Бүгінде жолаушының ауруханадан шығарылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Инсульттан кейін Астананың №2 қалалық көпбейінді ауруханасында ем қабылдаған Жапониядан келген науқас бүгін шығарылды. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежеде деп бағаланады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Токио-Цюрих бағытындағы ұшақ жолаушы инсульт алғаннан кейін Астанаға шұғыл қонды. Науқас ауыр жағдайда реанимацияға жатқызылған болатын.

52 жастағы жапониялық "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес емделіп жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2159577-astanada-ushaq-shugyl-qondy-zhaponiialyq-zholaushynyng-zhagdaiy-belgili-boldy/