Маңғыстауда уланып қалған оқушылардың барлығы ауруханадан шықты
Жарияланған күні:
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында инфекциядан зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алып, үйіне шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 466 оқушысы дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, құсу, әлсіздік сияқты белгілері бар облыстың медициналық мекемелеріне жүгінгенін естеріңізге сала кетейік.
Оның 98-і емдеуге жатқызылды, оның ішінде екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделді.
"Уақтылы және білікті медициналық көмек пен барлық жауапты органдарды нақты үйлестірудің арқасында Маңғыстаудағы жағдай толығымен тұрақтандырылды және балалардың денсаулық жағдайы алаңдаушылық туғызбайды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін осы облыстың Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы мектептердің бірінде жалпы 460 бала уланғанын хабарлаған едік.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook-тегі парақшасында балалардың жаппай улануына қатысты пікір білдірген еді.
Кейіннен уланған оқушылар саны 140 адамнан асқанын олардың 82-сі емханада емделіп жатқанын хабарладық.
9 қыркүйекте үкімет балалардың жаппай улануына қатысты жағдайды бақылауына алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2162043-manggystauda-ulanyp-qalgan-oqushylardyng-barlygy-auruhanadan-shyqty/