Алматыда қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина қашан салынатыны белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы екпе 30 қыркүйекте басталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, АПВ-ға қарсы екпе 11 жастағы қыздарға, сондай-ақ 12-13 жас аралығындағы қыздарға толықтыра иммундау аясында жүргізіледі.
"Бүгінде Алматыдағы вакциналар қоймасында "Гардасил" вакцинасының 16 900 дозасы бар. Вакцинация 30 қыркүйекте басталады және екпені егу жұмыстарын жүргізуге рұқсаты бар көшпелі бригадалардың арнайы оқыған медицина қызметкерлері жүргізеді", - деді Қасымхан Алпысбайұлы.
Оның сөзінше, вакцинацияға дайындық кезінде ата-аналарға АПВ-ға қарсы вакцинаның маңыздылығы мен қажеттілігі түсіндіріледі.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда жатыр мойны обырының алдын алу үшін қыздарды вакцинациялау басталғанын мәлім еткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2165968-almatyda-qyzdarga-adam-papillomasy-virusyna-qarsy-vaktsina-qashan-salynatyny-belgili-boldy/