jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина қашан салынатыны белгілі болды

    Вакцина салу сәті
    Көрнекі фото: pexels.com

    Алматыда қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы екпе 30 қыркүйекте басталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, АПВ-ға қарсы екпе 11 жастағы қыздарға, сондай-ақ 12-13 жас аралығындағы қыздарға толықтыра иммундау аясында жүргізіледі.

    "Бүгінде Алматыдағы вакциналар қоймасында "Гардасил" вакцинасының 16 900 дозасы бар. Вакцинация 30 қыркүйекте басталады және екпені егу жұмыстарын жүргізуге рұқсаты бар көшпелі бригадалардың арнайы оқыған медицина қызметкерлері жүргізеді", - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

    Оның сөзінше, вакцинацияға дайындық кезінде ата-аналарға АПВ-ға қарсы вакцинаның маңыздылығы мен қажеттілігі түсіндіріледі.

    Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда жатыр мойны обырының алдын алу үшін қыздарды вакцинациялау басталғанын мәлім еткен болатын.

    Алматыда қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина қашан салынатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.