Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойнап жүріп бұрыш спрейін шашқан": Шымкентте оқушылар уланып қалды

Жарияланған күні:

Дәрігер. Көрнекі фото
Дәрігер. Көрнекі фото: Getty Images

Шымкенттегі жеке меншік мектептердің бірінде 10 оқушы бұрыш спрейінен уланып қалды. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 12:25 шамасында болған. Қаладағы жеке меншік мектептердің бірінде 10-сынып оқушысы ойнап жүріп бұрыш спрейін терезеге қарата шашқан. Содан өзге оқушылар өздерін жайсыз сезіне бастапты.

"Мектептен 10 оқушы өзінің мазасыз сезінуіне байланысты алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем көмегімен Шымкент қалалық токсикологиялық ауруханасына жеткізілді. Оқыс жағдайдан кейін оқушылар үйіне қайтарылды. Қазір жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта мектеп ғимараты зарарсыздандырылған. Мектепте оқу процесі 1 ауысымда жүргізілетін болғандықтан, оқу ертең жалғастырылады" - делінген Шымкент қаласы білім басқармасы ұсынған ақпаратта.

Ал бұрыш спрейін мектепке әкелген оқушылар алдын ала тергеп-тексеру үшін Тұран аудандық полиция бөліміне заңды өкілдерімен жеткізілді.

Еске салайық, қыркүйекте Маңғыстаудағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2171622-oinap-zhurip-burysh-spreiin-shashqan-shymkentte-oqushylar-ulanyp-qaldy/