Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас жігіттің жүрегін салдырған 58 жастағы Шымкент тұрғыны жағдайы туралы айтты

Жарияланған күні:

Кеңесбай Дәрменов
Кеңесбай Дәрменов. Фото: otyrar.kz

Биыл шілдеде шымкенттік дәрігерлер жол апатынан қаза тапқан жас жігіттің жүрегін 58 жастағы азаматқа салған еді. Күрделі ота жасатқан ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, дәрігерлер жүрек трансплантациясын сәтті жасаған 58 жастағы Кеңесбай Дәрменовтің халі жақсы. Ақ халаттылардың айтуынша, пациенттің бүгінде жүрек соғысы қалыпты және бұрынғы ауру белгілері мүлдем жойылған.

Жүрегін ауыстырған азамат қалыпты өмірге оралғанын айтты. Ұл-қыздары мен 9 немересі және қиын сәтте демеу болған жұбайы үнемі жанында. 3 айға дейінгі апта сайын көрінетін дәрігерлік тексеруге де жолдасы бірге келген.

Емдеуші дәрігері Диана Бигалиева пациенттің жағдайын бақылап, дәрі-дәрмектерін уақытылы қабылдауын және алдағы уақытта тек екі айда бір рет келіп тексеріліп тұру қажеттігін айтқан. Дәрігердің сөзінше, отадан кейінгі күтім де жақсы өткен.

Айта кетейік, мәйіттік жүрек алмастыру отасы биыл шілдеде Шымкент "Жүрек" орталығында жасалған болатын. Науқасқа жол апатынан қаза тапқан жігіттің жүрегі салынған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен қаржыландырылатын күрделі ота Шымкентте биыл осымен екінші рет және сәтті жасалды. Ота құны 6 миллион теңге тұрады.

Еске салсақ, Түркістан облысында жол апатынан қаза тапқан 18 жастағы жігіттің ағзасы донорға мұқтаж науқастарға үлестірілгенін жазғанбыз. Денеден алынған бауыр, екі бүйрек, жүрек пен өкпе тізім бойынша трансплатация отасы қажет науқастарға хиругиялық жолмен салынатыны айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2172003-zhas-zhigitting-zhuregin-saldyrgan-58-zhastagy-shymkent-turgynynyng-hali-qalai/