Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жол апатынан қаза тапқан 18 жастағы жігіттің ағзасы донорға мұқтаж науқастарға үлестірілді

Жарияланған күні:

Түркістан облысыгда мәйіттік донорға ота жасалды
Түркістан облысыгда мәйіттік донорға ота жасалды: Түркістан облыстық әкімдігі баспасөз қызметі

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота жасалды. Жол апатына түсіп, ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген 18 жастағы жігіттің денесі ағзасы донорға мұқтаж науқастарға үлестірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға, атап айтқанда жол апатына түсіп, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген 18 жастағы жігіттің денесіне ота жасалды.

Марқұмның донор болуына ата-анасы келісім берген. Содан ер адамның ағзасы төрт науқасқа хирургиялық жолмен үлестірілді. Отаны Астана мен Алматыдан келген екі бригада өкілдері жасады. Денеден алынған бауыр, екі бүйрек, жүрек пен өкпе тізім бойынша трансплатация отасы қажет науқастарға хиругиялық жолмен салынады.

"Бір бүйрек облыстық клинкиалық ауруханада қалада, жүрегі Шымкенттегі жүрек орталығына жіберіледі. Бір бүйрегі Алматыға, өкпесі мен бір бүйрегі Астана қаласына жіберіледі. Түркістан облысы бойынша мәйіттен ағза алу отасы тарихта алғаш рет болуда өтті", - дейді Республикалық трансплантау орталығының Түркістан облысы бойынша өңірлік үйлестірушісі Әмірхан Сандыбаев.

Алматы және Астанадан келген бригада
Алматы және Астанадан келген дәрігерлер. Фото: Түркістан облыстық әкімдігі баспасөз қызметі

Авторы: Назерке Еркінбекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2139376-turkistan-oblysynda-zhol-apatynan-qaza-tapqan-18-zhastagy-zhigitting-agzasy-donorga-muqtazh-nauqastarga-ulestirildi-foto/