jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте 11 жастағы 4000-нан аса қыз тегін екпе алды

    Екпе салу барысы
    Екпе салу барысы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы тегін екпе салынып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шымкентте 1 қазанда 11 жастағы қыздарға ата-анасының немесе қамқоршысының ақпараттандырылған келісімімен адам папиллома вирусына қарсы тегін вакцина салу басталған. Қазіргі таңда 4411 қыз АПВ-ға қарсы екпе алды.

    Еске салайық, Шымкентте 13 мыңға жуық қызға тегін вакцина салынатынын жазған едік. Мамандардың айтуынша, 11 жаста "Адам папиллома вирусына" қарсы вакциналаудың иммундық реакциясы жақсы қалыптасады.

    "Вакциналау 2 кезеңнен тұрады. 11 жаста, сосын 6 айдан кейін тағы да бір рет жасалады. Алынып жатқан вакцина – өте жоғары сапалы америкалық вакцина. Төрт валентті. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация болып есептеледі. Сондықтан осы ұлттық тізімге енгізілген", - деді ҚР ДСМ бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

    Шымкентте 11 жастағы 4000-нан аса қыз тегін екпе алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.