Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Жарияланған күні:
Дәрігерлер тікұшақ апатынан зардап шеккен екі адам туралы айтты. Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Зардап шеккендер Ақтөбе ауруханасында жатыр, деп хабарлады ведомство.
Ақтөбеде өртенген тікұшақтан зардап шеккендер стационарда жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.
"Науқастар есін біледі, сұрақтарға жауап береді. Сарыжар ауылында тікұшақтың апатты жағдайда қонуы туралы хабар сағат 11:36-да 103 қызметіне түскен. Оқиға орнында екі науқасқа Мәртөк аудандық ауруханасының жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетті.
Бір адам 103 жеткенге дейін көз жұмды. Актөбеде пациенттерді аэродромда екі реанимациялық бригада қарсы алды. Екі науқас күйік жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жансақтау бөлімінде, оларға диагностика жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2185218-aqtobe-oblysynda-tikushaq-qulady-zardap-shekkenderding-zhagdaiy-belgili-boldy/