Бразилиялық жаңғақтың ағзаға пайдасы мен зияны қандай: мамандар кеңесі
Жарияланған күні:
Бразилиялық жаңғақтар иммунитетті көтеріп, ағзадағы темір қорын көбейтеді. Алайда, оның зиянды тұстары бар. Бүгінгі материалда соңғы жылдары көпке кеңінен танылған жаңғақтың денсаулыққа пайдасы мен зияны туралы әңгімелейтін боламыз.
- Бразилиялық жаңғақтар құрамындағы селен, магний және пайдалы майлар арқылы иммунитетті күшейтіп, қалқанша без жұмысын реттейді және жүрек-қан тамыр жүйесіне оң әсер етеді деп диетолог Маянк Пандей айтады.
- Бұл жаңғақтар ерлер мен әйелдердің репродуктивті жүйесіне пайдалы, сүйек пен тіс қатаюына көмектеседі, бірақ күніне 1-3 данадан артық жеуге болмайды.
- Шамадан тыс тұтыну селенмен улануға, артық салмаққа әкелуі мүмкін, ал кейбір адамдарда аллергия тудыруы ықтимал екенін диетолог Джордан Энтони ескертеді.
Бразилиялық жаңғақтың құрамы мен адам ағзасына пайдасы
Бразилиялық жаңғақ — Отаны Оңтүстік Америка болып саналатын, ғылымда бертолетия деп аталатын жаңғақ түрі. Бразилия жаңғағының түрі қандай? Оның сыртқы келбеті кокосқа ұқсайды және көлемі 5 см болатын дөңгелек, 8–24 жаңғақтан тұрады. Сыртқы пішіні тұрғысынан апельсиннің бір тілімімен пара пар келеді. Ал, сыртқы қабығы қоңыр түстес болады.
Жаңғақтардың сырты майлы әрі тегіс, оны көбінесе салат, тіскебасарлар мен тәттілерді пісіргенде пайдаланады. 100 г жаңғақтың құнарлылығы 659 ккал және төмендегідей құрамнан тұрады:
- Майлар - 67,1 г.
- Ақуыздар - 14,3 г.
- Көміртектер - 11,7 г.
6 жаңғақтан тұратын бір порцияда күндіз адамға қажет мыстың 55%-ы, 25% магний, 15% марганец және B₁ дәрумені бар. Өнімнің құрамында, сондай-ақ талшық, фосфор, мырыш және Е дәрумені бар. Бір жаңғақтың құрамында 96 мкг (күндізгі норманың 175%-ы) аталған микроэлемент кездеседі.
Healthline медициналық басылымының хабарлауынша, ол адам ағзасында қалқанша безде көп кездеседі екен. Осы арқылы ол аталған безді қорғап, оның жұмысын реттеп тұратын көрінеді. Микроэлемент қалғанша безін тиреоидит Хашимото, диффузды, зиянды зоб және онкологиядан қорғайды.
Сол сияқты оның құрамындағы селен иммунитетті нығайтады. Одан бөлек, бразилиялық жаңғақ антиоксиданттарға бай және глутатионпероксидаздың деңгейін көтереді. Ол қабынудың алдын алып, адамды күйзеліске түсуден қорғайды. Бразилия жаңғағының құрамында, сондай-ақ, Е дәрумені, фенол, галл және эллаг қышқылы бар.
Бразилия жаңғақтары ерлер мен әйелдердің репродуктивті жүйесіне пайдалы, өйткені селен аталық және аналық бездерде көп мөлшерде жиналады. Осы орайда, Монреаль университетінің бір топ ғалымдар 4 ай бойы селен қоспасын қолдану арқылы, ерлердің сперматозоидтарының сапасы артып, күш-қуаты артатыны анықталды. Сонымен қатар, селен сау аналық без фолликулаларының дамуын ынталандырып, жұмыртқадағы ДНҚ-ның тотығуы мен зақымдануының алдын алады.
Бразилия жаңғағы қан қысымын жоғарылататыны рас па? Бразилия жаңғақтары - омега-6 және омега-3 май қышқылдарының көзі, олар қан тамырларын нығайту арқылы қан қысымын төмендетеді, оларды қабыну мен тотығудан қорғайды, холестерин деңгейін көтереді. Ол жүрек-қан тамырларына оң әсер етеді.
Healthroid құрылтайшысы, денсаулық бойынша сарапшы және диетолог Маянк Пандей оны былай деп түсіндірді:
Бразилия жаңғақтарында пайдалы майлар, әсіресе моноқанықпаған және полиқанықпаған майлардың мөлшері өте көп, олар жүрекке пайдалы майлар болып табылады.
Сонымен қатар, бразилиялық жаңғақтардың құрамындағы фосфор мен магний, тіс пен сүйектерді қатайтады. Олар ағзадағы фосфор-кальций алмасуына қатысады және сүйектің тығыз болуына әсер етеді.
Бразиялық жаңғақтың қандай зияны болуы мүмкін
Жаңғақтарды шамадан тыс тұтыну өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, тәулігіне 45-50 бразилия жаңғағының бір бөлігі ағзаның селенмен улануына әкелуі ықтимал. Со себепті, күніне қанша бразилиялық жаңғақты жеуге рұқсат етіледі деген сауал туындауы мүмкін. Ағзаның селенмен улануын болдырмау үшін, 3 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге бір, ересектерге күніне үш жаңғақты жеуге рұқсат етіледі. Бұл жөнінде диетолог Маяк Пандей былай дейді:
Диетолог ретінде мен Бразилия жаңғақтарын құрамында селен мөлшері жоғары болғандықтан, оны шамадан тыс мөлшерде жемеуге кеңес беремін. Бразилия жаңғақтарына арналған дәрігерлің жалпы ұсыныс — күніне шамамен 1-3 дана болып табылады, бұл шамамен 10-30 г жаңғақ деген сөз.
WebMD медициналық басылымы селенмен улану белгілеріне төмендегі белгілерді жатқызады:
- жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы;
- бас айналу;
- шаш пен тырнақтың сынуы және түсуі;
- буындардың ауруы;
- шаршау және ашуланшақ болу;
- перифериялық нейропатия.
Егер жағдайыңыз бұдан да нашарласа, бүйрек және жүрек жеткіліксіздігіне әкеп соқыруы әбден мүмкін. Сондықтан, селен қоспаларын қабылдап жүрсеңіз, Бразилия жаңғақтарын тұтынудан уақытша бас тартқан жөн болады.
Одан бөлек, жоғары калория мен майдың көп болуына байланысты бразилиялық жаңғақтарды шамадан тыс тұтыну артық салмаққа әкелуі мүмкін. Ahara-ның сертификатталған диетологы Джордан Энтони бұл жөнінде NUR.KZ-ке былай деп түсіндірді:
Бразилия жаңғақтарының құрамында қаныққан майлар өте көп. Өсімдік тектес қаныққан майлар жануарлар майының баламаларына қарағанда біршама пайдалы болғанымен, жүрек-қан тамырлары жүйесін сақтау үшін оларды тұтынуды шектеген жөн.
Бразилия жаңғақтарын үш жасқа дейінгі балаларға бермеген абзал әрі демікпе мен бүйрегі ауыратын жандарға да аталған жаңғақтарды жеуге кеңес берілмейді. Себебі, ағзадағы ақуыздың жоғарылауы аталған мүшелерге жүктемені арттыруы мүмкін.
Medical News Today медициналық басылымының мәліметінше, жекелей адамдардың денсаулығына жақпаған кезде олар бөртпе, ісіну, жөтел сияқты белгілері бар аллергияны тудыруы мүмкін. Ауыр жағдайларда жаңғақтарды тұтынғаннан кейін, бронхоспазм және анафилаксия дамуы мүмкін. Ал, бұл өз кезегінде, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Бразилия жаңғақтарын қолданар алдында қабығын аршыңыз, өйткені оның құрамында цирроз мен бауыр қатерлі ісігін тудыратын афлатоксин болады. Бразилия жаңғақтары шикі түрінде жегенпайдалы, өйткені қуырған кезде олардың құрамындағы қоректік заттар күрт төмендейді. Кей адамдар жаңғақтар дәмді болуы үшін оларды тұзды ерітіндіге салып жатады, алайда тұз оның құрамындағы кейбір пайдалы заттарды жойы жіберуі мүмкін.
Бразилия жаңғақтары - селен, магний, пайдалы майлар мен антиоксиданттарға бай қоректік тағам. Бразилиялық жаңғақтар несімен пайдалы? Олардың құрамында қалқанша безді зақымданудан қорғайтын, иммундық және репродуктивті жүйелердің жұмысын қалыпқа келтіретін пайдалы заттар бар. Алайда, жаңғақтарды шамадан тыс мөлшерде тұтыну - ағзаның селенмен улануына әкелуі мүмкін, ал бұл ағзаға өте зиянды. Сондай-ақ, бұл жаңғақтар аллергендерге жатады.
Назар аударыңыз! Материал тек танымдық мақсатта жарияланды. Дәрігердің рұқсатынсыз, жоғарыда аталған кеңестерді қолдануға кеңес берілмейді.
Дереккөздер:
- D. Vézina, F. Mauffette, K. D. Roberts. Selenium-vitamin E supplementation in infertile men. Effects on semen parameters and micronutrient levels and distribution // PubMed. — 1996. — Summer. — 53(1–3). — 65–83. — Қолжетімділік режимі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/8862739/
- Jamie Eske. What are the benefits of eating Brazil nuts? // Medical News Today. — 2023. — December 19. — Қолжетімділік режимі: https://www.medicalnewstoday.com/articles/325000
- Katie Cameron. Health Benefits of Brazil Nuts // WebMD. — 2023. — December 20. — Қолжетімділік режимі: https://www.webmd.com/diet/health-benefits-brazil-nuts
- Ryan Raman. Can Brazil Nuts Boost Your Testosterone Levels? // Healthline. — 2024. — January 28. — Қолжетімділік режимі: https://www.healthline.com/nutrition/brazil-nuts-testosterone
Рецензент — жоғары санатты дәрігер Михайленко Людмила Анатольевна.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2188239-braziliialyq-zhanggaqtyng-agzaga-paidasy-men-ziiany-qandai-mamandar-kengesi/