jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Петропавлда дәрігерлер 22 жастағы жігіттің жүрегінен көлік дөңгелегінің темір бөлшегін алып шықты

    Жігіттің жүрегінен алынған темір бөлшек
    Жігіттің жүрегінен алынған темір бөлшек. Фото: instagram.com/kbka.sqo

    Солтүстікқазақстандық дәрігерлер өкпе, бауыры және жүрегі жарақаттанған науқасты аман алып қалды. 22 жастағы ер адам көлік дөңгелегінің жарылуынан жарақат алған. Екі сағатқа созылған ота барысында дәрігерлер оның жүрегінен автошинаның темір тікенін алып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ СҚО көпбейінді қалалық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Дәрігерлер мәліметінше, жол-көлік оқиғасында автокөліктің дөңгелегі жарылып, 22 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

    Сол күнгі кезекші дәрігер-хирургтер Руслан Захаров, Алексей Дрюпин, анестезиолог Эльдар Рамазанов бірден ота жасауға кірісіп, науқасты аман алып қалу үшін күрескен. 

    Тексеру кезінде дәрігерлер жігіттің кеуде қуысы жарақатын байқайды. Өкпесінің оң жағындағы жараны, диафрагманы, зақымданған бауырды тігеді. Алайда көкірек бөлігінде ісік пайда болып, қарап-тексеру кезінде жүрек жарақаттанғаны анықталған. Дәрігерлер жүрек ішінен дөңгелектің темір тікенін алған. Осылайша, операция шамамен 2 сағатқа созылған. Науқастан бір литрге жуық қан кеткен. 

    СҚО көпбейінді аурухана дәрігерлері
    СҚО көпбейінді аурухана дәрігерлері. Фото: instagram.com/kbka.sqo

    Жансақтау бөлімінде бес күн жатқан жігіт кейін өздігінен тыныс алып, жағдайы жақсарғаннан кейін үйіне жіберілді. 

    "Мен бастапқыда не болғанын түсінбедім, тек ауырсынып, от қарығандай болды. Бірнеше күннен кейін ғана есімді жинағасын өлім аузынан қалғанымды түсіндім", - дейді аман қалған жігіт.

    Петропавлда дәрігерлер 22 жастағы жігіттің жүрегінен көлік дөңгелегінің темір бөлшегін алып шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.