Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

23 жыл бойы "тершеңдікпен" ауыратын кейуананың сырқатын дәрігерлер әлі таба алмауда

Опубликовано:

Астанада тұратын Фатима Тәңірбергенова 23 жылдан бері тершеңдік ауруына шалдыққан. Астанадағы алдыңғы қатарлы емдеу орталықтарына тексерткенімен, олар сырқаттың шипасын таба алмаған деп жазады Baq.kz.

"Сырқатымның себебін бірқатар дәрігерлер "қызыл түстің" ерте тоқтауымен байланыстырды. Ал, бірі ағзаның жұмыс істеу қабілеті нашар деген қорытынды жасады. Бірақ, осылардың бірде-бірі тоқтаусыз аққан терімді тоқтата алған жоқ. Сосын балаларым әлеуметтік желідегі ақпараттармен танысып, менің сырқатыма дауа іздей бастады. Сонда олардың танысқан дәйектері мынадай болды: терлей беру белгілі бір аурудың себебінен де болуы мүмкін екен. Мысалы, туберкулез немесе жүйке аурулары. Дені сау адам көбінесе ауыр жұмыс істегенде және температура жоғарылағанда терлейді. Көп терлейтін адамдар жиі жуынып тұруы керек. Бұл жерде енді туберкулез дертіне шалдықпағанымды баса айтқым келеді. Сондай-ақ, жиі жуынуды естен шығармаймын. Көрдіңіздер ме, тершеңдіктің неден болатынын ешкім дөп басып айта алмайды және одан толық айықтыру ісі де оңай емес", - дейді Фатима апай.Фатима Тәңірбергенова қазір Астанадағы жекеменшік емдеу орталықтарының бірінде "алтын инемен" ем қабылдап жатқан көрінеді. "Қазір бойымнан төгілген тер саябырлап келеді" дейді кейуана. Бұрын жиі ашу шақырып, қан қысымы да жоғары болған екен. Қазір оның деңгейі де біртіндеп түсіп келеді. Дегенмен, дәрігерлер аурудың нақты себебін анықтай алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/327596-23-zhyl-bojy-tershendikpen-auyratyn-kejuananyn-syrkatyn-derigerler-eli-taba-almauda/

pixel