RU

Күйзелісте жүрген адамның неліктен тәттіге құмартатыны белгілі болды

Күйзеліс кезінде көптеген адамдар мазасы қашып, өзін-өзі іштей жей береді. Мұның басты себебі гормондарда екенін айтады деп жазады 7sunews.kz.

Мазасыздық жағдайды белсендіретін гормондар тәтті, ащы, қышқыл дәмді айқындайтын дәм сезгіш жасушалардан табылған.

"Күйзеліс дәм сезу мүшелеріне қатты әсер етеді. Атап айтқанда, адамдар тәттіге құмартады. Глюкокортикоидтер осылай әрекет етеді. Бұлар тікелей дәм сезу рецепторының жасушаларына әсер етеді", - дейді доктор Роквелл Паркер.

Зерттеу көрсеткендей, күйзеліс жағдайындағы тышқандардың тілінде глюкокортикоидтердің көптеген рецепторлары байқалған. Әсіресе ең көп шоғыры тәтті дәмді сезетін бөлікке жауап беретін аймақтарда шоғырланған.

Бақылау тобымен салыстырғанда, дәм жасушаларының өзектерінде гормоналдық рецепторлар 77 пайызға көп болған, деп хабарлады Meddaily.

Күйзеліс дәм туралы ақпаратты өңдеу жүйесін өзгертетін сияқты, өйткені дәм сезу рецепторлары тек тілде орналасқан. Оны ішек пен қосалқы қарыннан табуға болады.

Негізінен күйзеліс тәбетті өзгертіп, қант пен басқа да заттардың метаболизміне әсер етуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/921348-kuyzeliste-zhurgen-adamnynh-nelikten-t/