Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар анорексияны емдеудің жаңа тәсілін тапты

Опубликовано:

Анорексия — жұмбақ дерт. Бұл аурудың белгілері анықталғанымен, психикалық ауытқушылығы бар науқастардың ішінде жиі кездеседі. Ғалымдар соңғы уақытта анорексияны емдеудің жаңа тәсілін тапты деп жазды 7sunews.kz.

Анорексияға шалдыққан адам өзі қаламаса да, тек калориясы төмен тағамды іше алады. Күні-бүгінге дейін ғалымдар бұның себебін анықтай алмай келген.

Ал соңғы зерттеуде анорексиямен ауыратын 21 әйел мен дені сау 21 адамға түрлі тағамдар ұсынылды. Тағам таңдау кезінде мамандар оларға МРТ жасады. Біз күткендей, анорексиямен ауыратындар тек майсыз тамақты таңдады. Ғалымдар анықтағандай, анорексиясы бар әйелдер мен сау адамдар тамақ таңдаған кезде олардың миында біршама айырмашылық байқалған.

Тәжірибе барысында анорексиямен ауыратындардың миындағы тәуелділікке жауап беретін дорсальды стриатумында белсенділік байқалған.

Сондай-ақ, фронтостриарлық тізбектегі белсенділікке қарап келесі күні қандай калориясы төмен тағамды таңдайтынын болжауға болады екен.

Ғалымдар аталмыш тәжірибенің арқасында болашақта анорексияны емдеудің жаңа тәсілін табамыз деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/927014-ghalymdar-anoreksiyany-emdeudinh-zhanha-t/

pixel